Мохэду, Сыбихан (Күлбагатур),Баһадүр қағанҚазақстан энциклопедиясы, VI-том (туған жылы белгісіз – 631ж.) – Батыс Түрік қағанатының билеушісі (шамамен 630 – 631ж.ж). Түн Жабғу (618 – 630ж.ж.) қаған тұсында әскербасы болды, әр түрлі жорықтарға қатысып, ықпалды қолбасшыға айналды. Батыс Түрік қағанаты құрамындағы тайпалар – қарлұқтар, дулулар көтеріліс жасап, дербестікке ұмтылған сәтте ол соғысты тоқтатуды желеу етіп, 630 ж. Түн Жабғу қағанды өлтіріп, өзін қаған деп жариялады. Бірақ көп ұзамай дулу мен нушейбу тайпаларының өзара соғысы тұсында қаза тапты. Осыдан кейін Батыс Түрік қағанаты іштей ыдырап, екіге бөлінді.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1967 Қазақстан тарихы, 1 том, А., 1996 Бичурин Н.Я., Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена, 1 т., А., 1998.

Санат:Тарих