Сабыр Біләлұлы Ниязбеков (15 желтоқсан 1912, Ақмола облысы Астрахан ауданы Өрнек ауылы – 26 тамыз1989, Алматы қаласы) – мемлекет қайраткері.

1963–1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды.

1930–1931 жылдары Орал кеңес-партия мектебінде оқыған.

1931–1932 жылдары Қарағанды облысы, Нұра ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Семей облысы атқару комитеті жастар жөніндегі инспектор,

1933–1937 жылы Семей және Ақмола облыстарында шаруашылық басшысы жұмыстарында, Қызыл Армия қатарында болды.

1938–1941 жылдары баспасөзде мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі Қарағанды облысы бөлімінің редакторы және оның бастығы.

1941–1943 жылдары Қарағанды облысы партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болды.

1943–1945 және 1954–1956 жылдары Мәскеудегі Жоғары партия мектебінде оқыды.

1945–1954 жылдары Қостанай облысы партия комитетінің хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің 2-хатшысы,

1956–1965 жылдары Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан КПТ-ның өлкелік комитетінің 2-хатшысы, Целиноград облысы партия комитетінің 1-хатшысы, Алматы облысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды.

1965–1978 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары болды. Ниязбеков республиканың көптеген облыстарының экономикасының дамуына басшылық жасап,

1960 – 1970 жылдардағы Қазақстанның саяси, мәдени өміріне белсене аралас-ты.

2 Ленин, 2 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1978 жылдан одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерОңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Тұлғалар Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:КОКП ОК мүшелігіне кандидаттар Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер Санат:Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Орал облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары