Әзілхан Нұршайықов (15 желтоқсан 1922, Ақбұзау ауылы, Жарма ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 12 ақпан 2011, Алматы) — жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Қазақстанның халық жазушысы (1990). А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1987). Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Өмірбаяны Найман тайпасының Бура руынан шыққан.http://e-kitap.kz/book/2161/read http://e-kitap.kz/book/1315/read Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. 1941 – 45 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949). 1953 – 79 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1953 – 56 жылдары — Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы, 1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді. 1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.Қалқабаева С., Ә.Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер, А., 2004

2011 жылы Азиада 2011 қысқы ойындарында эстафетаны жалғаған. Бірнеше күннен соң дүние салып, әйелінің жанында жерленген.

Шығармашылығы Тоғыз толғау, А., 1977 Автопортрет, А., 1977 Шығ. жин. 2 т., А., 1992 Жамбылға хат: Әскери естеліктер, А., 1996 Қаламгер және оның достары, А., 2000 Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер, А., 2000 Махаббат қызық мол жылдар (орыс тілінде, 1980 – 82), А., 2002 Ақиқат пен аңыз, А., 2004 Махаббат жырлары (орыс тілінде, 1965 – 82), А., 2005 Мәңгілік махаббат жыры, А., 2005 Таңд. шығ. жин., 10 т., 2005. Мәңгілік махаббат жыры: поэма.- А.:Өлке,2005.- 607 б. Мен журналистпін.-А.: Қазақстан, 1977.-167 б. Батырдың өмірі: шағын повестер, әңгімелер, естеліктер.-А.: Жазушы,1969.- 176 б. Боздақтар.-А.:Санат, 2005 Жер туралы жыр: очерктер.-А.:Қазақстан, 1974.-320 б. Екі естелік (Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов туралы хиқая, эсселер).-А.:Жалын,1985.-176 б.

Аудармалары И. Буниннің шығармаларын, М. Шолоховтың “Адам тағдыры”, П. Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды.

Мемлекеттік марапаттары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы; 1943 жылы КСРО-ның «Ерлігі үшін» медалі; 1944 жылы КСРО-ның «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі; 1944 жылы КСРО-ның 3-дәрежедегі «Даңқ» Ордені 1945 жылы КСРО-ның «Германияны жеңгені үшін» медалі; 1945 жылы КСРО-ның «Варшаваны азамт еткені үшін» медалі; 1956 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» Ордені; 1984 жылы КСРО-ның «Халықтар Достығы» Ордені; 1985 жылы КСРО-ның 2-дәрежедегі «Отан соғысы» Ордені; КСРО-ның Еңбек ардагері медалі; 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Ленин туғанына 100 жыл медалі; 1978 жылы «Ақиқат пен аңыз» романы үшін Абай атындағы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1987 жылы А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты; 1990 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді. 1995 жылы тәуелсіз Қазақстанның «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2005 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» елбасының жарлығымен марапатталған. 2010 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен елбасының өзі марапаттады (Астана, Ақорда 2010 жылы). 2010 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті елбасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік және Президенттік степендиясының иегері. Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Жарма ауданының Құрметті азаматы.Әлім І., Махаббат жыршысы, Аст., 2005

Жеке қасиеттері Әскери шені — аға сержант. Хоббиі — фотография, жақсы кітаптар жинау. Жұбайы — Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары — Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған), экономист; ұлдары — Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған), инженер-электрик.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2 Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан халық жазушылары Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері