Оғыз тілі, көне заманда түркі тайпалары арасында кең тараған, қазір өлі тіл саналады. Тарихи еңбектерде кейде ғұз тілі, ұз тілі деп те аталған.Малов С.Е., Памятники древнетюркской письменности, М.– Л., 1951 7 – 8 ғасырларда балбал, сынтастарда жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің Селенга және Орхон бойынан табылған бір тобы (Онгин, Елтеріс қаған, Күлтегін, Тоныкөк) осы оғыз тілінде жазылған.Баскаков Н.А., Введение в изучение тюркских языков, М., 1969 11 ғасыр жәдігерлігі М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде бұл тіл ерекшелігінің көбірек сақталғандығы байқалады. Оғыз тілі, әсіресе, қыпшақ тіліне жақын келіп, түрікмен, Әзірбайжан, гагауыз, түрік, т.б. тілдердің қалыптасуына негіз болған.

Көне оғыз тілінің өзіне ғана тән фонетика және грамматика ерекшеліктері болды. Олар фонетикада: 8 қысқа дауысты фонеманың сақталуы; сөз соңындағы г, ғ дауыссыз дыбыстарының тұрақтылығы (дағ – тау, бәг – бек), осы дыбыстардың кейбір қосымшалар құрамында түсіп қалуы (гәлән – келген, алан – алған); сөз басындағы т, қ, к қатаң дыбыстарының ұяңдануы (дил – тіл, гэл – кел); бол сөзінің басындағы б дыбысының айтылмауы (>ол);Кононов А.Н., История изучения тюркских языков в России. Дооктябрьский период, Л., 1972

Грамматикада: кейбір септік, көптік жалғауларының фонетика редукцияға (қысқартуға) ұшырауы (адама – адамға, малың – малдың); кейбір морфология форманттардың сақталуы (-мэли//-малы, -миш//-мыш) және басқа мағынада жиі қолданылуы, т.б. жатады.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлімӨмірәлиев І., Оғыз-қаған эпосының тілі, А., 1988Языки мира: Тюркские языки, М., 1996

Тағы қараңыз Оғыз мемлекеті Оғыздар

Дереккөздер

Санат:Өлі тілдер