Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.

Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 6 ауданға бөлінген.

Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.

Қала алты әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр»Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданының шекарасы белгілі болды , «Нұра» және «Сарайшық» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды. нобай|center|277px|Астананың спутниктен қарағанда көрінісі (2017 ж.) Географиясы 2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қала территориясы аумағы – 797,33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 км² қалаға қосылғаннан кейін).

Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі — төмен террассалар. Каштан топырағы басым.

Қаланың геологиясы — солтүстік бөлігінде бөлінбеген палеозойлық шөгінділер, ал оңтүстік және батыс бөліктерде орта төрттік шөгінділер. Қаланың көп бөлігі шөгінді тау жынысында, негізінен құмдақ саздарда жатыр.

Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.

Тарихы

Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында Федор Шубин негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 жылы Ақмолинск қала мәртебесін алды.

1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 жылы 10 маусым Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Астана қаласы Ақмола облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Целиноград, Шортанды және Аршалы) шектеседі. Қаланың өсуі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағын екі бөлікке бөлді.

2018 жылғы 7 ақпанға дейін Астана территориясына қаладан басқа (69 822 га) 2 орманшылық учаскілері де (шығыста аумағы 459 га мемлекеттік орман тәлімбағы, солтүстікте Қоянды су қоймасындағы саяжай (12 саяжай қауымдастығы бар). Аталған массив аумағы Мемлекеттік жер кадастріне сәйкес 900 га, Астананың бас жоспарына сәйкес 850 га, ал қала территориясы балансына (2018 жылғы 16 наурыздан № 131 Қазақстан Республикасының Үкімет Жарлығы) сәйкес 733 га құрайды.

2018 жылғы 7 ақпанда қала аумағына Ақмола облысы Целиноград ауданының территориясынан қосымша 8 719 га аумағымен 3 учаскілер (тұрғындары жоқ), соның ішінде халықаралық әуежайға жақын 7 300 га учаскі, қаладан оңтүстікте орналасқан ұлттық пантеон (959 га) және солтүстік-батыста орналасқан қалалық зират (460 га) қосылды.

2018 жылғы 16 наурызда Алматы және Сарыарқа аудандарының бөліктерінен төртінші аудан Байқоңыр ауданы құрылды.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шешімі бойынша қаланың атын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Астана атауы қайтарылды.

Басшылар

Халқы

2020 жылғы 1 қаңтардағы қала түрғындар саны 1 136 008 адамды құрады. ҚазСтаттың ресми есебі 2017 жылғы 1 қаңтарда елордада 972 672 тұрғынды, 2017 жылғы 1 маусымда 1 002 874 тұрғынды, ал 2020 жылғы 1 қаңтарда есептің жаңа методикасына сәйкес 1 136 008 тұрғынды тіркеді.

2009 жылғы халық санағы бойынша қала тұрғындарының тек 36% -ы Астана қаласында туып-өскен болып шықты. Қала негізін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мигранттар құрады, атап өтсек 19,4% — Ақмола облысы тұрғындары, 7,4% Түркістан облысы тұрғындары, 6,3% — Қарағанды мен Қостанай облыстары тұрғындары құрды.

КазСтаттың 2016 жылғы 1 қазан жағдайы деректері бойынша қаланың еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер жасы 16—58, еркектер жасы 16—63) саны 478 432 адамды құрайды, соның ішінде 21 мың жұмыссыз және 92 мың жұмыс күшіне енбейтін тұлғалар.

Некеге тұрудың орташа жасы — еркектер үшін — 27,5 жас, ал әйелдердер үшін — 25,3 жас.

1989199719981999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006281252275100275300326900381000446200493100Население Астаны501998510533529335550438 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 20162017 574448602684605254649139697129742918Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012778083814401852985872655О демографической ситуации в городе Астана 926144

Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны — 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж. — 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.

Демография динамикасы

Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады — бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.

Агломерациясы «Астанагенплан» ҰЗМИ «Астана агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық схемасы» жобасын жасады.

2015 жылдың қарашасында қабылданған бұл құжатпен жалпы ауданы 21,75 мың км² болатын, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының 127 елді мекені, сондай-ақ Ақкөл облысының төрт ауданы (Урюпин ауылдық округі, Еңбекші ауданы, Кеңес ауылдық округі, Ақкөл қалалық әкімшілігі) қоса, Астана агломерациясының шекаралары анықталды. Қала маңы аймағының белгіленген шекараларында 196 мың адам, ал Астана қаласында 814 мың адам тұрады. Астана қала маңы түрғындарының тығыздығы 9 адам/ км² құрады (бүкіл Қазақстан халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге шамамен 7 адам).

Агломерацияны дамыту жобасымен 2020 жылы агломерация саны 1,2 миллион адамға дейін, ал 2030 жылға қарай 1,5 миллионнан астам адамға өседі деп күтілуде.

Табиғаты мен климаты

Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ.

Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Жазы жылы, бірақ қысқа. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50 °C аязға дейін баруы мүмкін. Қар жамылғысы қалың болып, қыстың ұзақтығы 4-5 айға созылады.https://kazhydromet.kz/ Астана Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады.

Жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына шамамен 300-350 мм құрайды. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем мен жазда түседі. Қыста жауын-шашын аз болып, қар мөлшері орташа деңгейде болады.

Ауа ылғалдылығы төмен, орташа жылдық көрсеткіші шамамен 60% құрайды. Қыс мезгілінде ылғалдылық көбінесе төмен болады.

Астанада желдің жылдамдығы жиі өзгереді, бірақ орташа жылдамдығы 4-6 м/с шамасында болады. Қыста қатты желдер мен борандар болуы мүмкін, бұл суықты қатты сезіндіреді.

Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен — ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

Экономикасы

Астана қаласы экономикасын сауда, транспорт пен байланыс, құрылыс құрайды. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Астана мен Алматы қалаларының жиынтық аймақтық өнім көлемі Қазақстанның жалпы сауданың жартысынан астамын құрайды. Бөлшек тауар айналымы бойынша да Астана қаласы республикада екінші орында. Құрылыс өсімі бойынша Астана қаласы республика бойынша көшбасшы. 2009 жылы Қазақстан бойынша эксплуатацияға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі Астана қаласына келді. Астана бес жылдан астам тұрғын үйлерді эксплуатация енгізу бойынша көшбасшы.

Өнеркәсіптік өндіріс көбінесе құрылыс материалдарын, тамақ өнімдері мен сусындарын және машина жасауда шоғырланған. Қазақстан бойынша Астана қаласы металдан жасалған құрылыс материалдарын, қолдануға дайын бетон және бетоннан жасалынған құрылыс өнімдерін жасаудан көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандықтары мен қондырғыларды өндірудегі қаланың үлесі салыстырмалы жоғары. Инвесторларды жұмылдыру және жаңа бәсеке қабілетті өндірісін дамыту мақсатында қалада «Астана — жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағы қызмет атқаруда.

АЭА-ның артықшылықтары - салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы құқықтық режимнің болуы. АЭА аумағында әртүрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, қаланың дамуы өндірістің жалпы көлемінде инновациондық өнімнің жоғары үлесі бар, дамыған өндірістік секторларға (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өңдеу және т.б.), қаланың жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігін қамтамасыз ететін шағын бизнеске және дамыған туризм секторына бағытталған бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.

2009 жылы өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 77,25 млрд.теңге көлемінде өнім шығарылды — бұл өндеу өнімінің жалпы көлемінің 81% құрайды. Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады: Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %), Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер; Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю; Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар; 1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.