Владимир Степанович Семизоров (17 сәуір 1935, Луганск қ. — 5 қараша 2003, Алматы) — театр суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).

Өмірбаяны Әуелі Луганск қаласындағы көркемсурет училищесінде (1954 — 60) оқыған. Бұдан кейін 1960 ж. Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын (проф. М.И. Курилконың жетекшілігімен) бітірген. Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында суретші-қоюшы (1969 — 71), бас суретші (1970 — 74, 1974 — 80) Мәскеу мемлекеттік консерваториясының опера студиясында бас суретші (1970 — 74) болып қызмет атқарды. Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылған П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі”, А.И. Хачатурянның “Спартак” (1974) балеттеріне, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсына, сондай-ақ Астана қаласындағы К.Байсейітова атындағы опера және балет театры сахнасына шығарылған Чайковскийдің “Евгений Онегин” (2000), М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” (2001), Е.Рахмадиевтің “Қамар сұлу” (2003) операсына айшықты да сәнді декорация эскиздерін жасады.

Марапаттары 1966 ж. оған Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қойылған М.Ф. Шатровтың “Алтыншы шілде” спектаклін (1965) безендіргені үшін Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді. “Парасат” орденімен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:17 сәуірде туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:Луганскде туғандар Санат:5 қарашада қайтыс болғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан тетар суретшілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері