Солнечный — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты кент, Солнечный кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі Екібастұз ГРЭС-ін салуға байланысты қаланған.
Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 42 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 8881 адам (4175 ер адам және 4706 әйел адам) болса, 2009 жылы 4892 адамды (2362 ер адам және 2530 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері