Суықтөбе полиметалл кен орны, Орталық Суықтөбе полиметалл кен орны – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылының солтүстік-батысында орналасқан. 1935 жылы ашылған, 1936 жылы барланып, 1956 жылдан Көксу кенішінде кентас өндіріледі.

Геологиялық құрылымы Силур-девон тау жыныстарынан құралған, кварцит-барит, барит желілерімен, диорит, кварц-порфир дайкаларымен қиылған синклиналдық қатпардың солтүстік-батыс қанатында орналасқан.

Жатыс сипаты, құрамы Меридиандық бағытқа созылған, тік құламды бұрыс пішінді кентас денесінің ұзындығы 250-390 м, қалыңдығы 5-55 м. Кентас құрамы сульфидті, қорғасынды. Басты минералдары: пирит, галенит, сфалерит. Пайдалы қоспалары: қорғасын, мырыш, күміс.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы кен орындары Санат:Полиметалл кендері