Сілетітеңіз – Ертіс алабындағы тұзды көл. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында орналасқан. Теңіз деңгейінен 64,7 м биіктікте.
Гидрографикасы Ауданы 750–777 км2, ұзындығы 64,7 км, ені 22,1 км, орташа тереңдігі 2 м (ең терең жері 3,2 м), су жиналатын алабы 23,4 мың км2.
Жағалау сипаты Жағасының ұзындығы 273,6 км. Жағалауында көптеген шығанақтар, түбектер бар. Батысы және оңтүстігі жағалауы аласа, солтүстігі мен шығысы шағын жыралармен тілімденген. Көлге Сілеті мен Жолақсай өзендері құяды. Жағалауы негізінен жусанды-бетегелі, сортаң шөптесінді. Жайлым үшін пайдаланылады.
Санат:Уәлиханов ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері