Жаркөл – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы көл. Шойындыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, теңіз деңгейінен 99,8 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 20,9 км2, ұзындығы 7,2 км, енді жері 4,0 км. Жағалау бойының ұзындығы 27,7 км. Көлге батыс жағынан жазда кеуіп қалатын 2 арна құяды. Қар, жер асты суларымен толығады. Алқабында қамыс, қоға, шалғын шөп өседі. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Жарқайың ауданы көлдері