«Costa Concordia» — Costa Crociere компаниясының меншігіндегі «Concordia» классындағы саяхат кемесі, Италиядағы Сестри Понентедағы (Генуя) Fincantieri айлағында 2006 жылы салынған және жерорта теңiзі порттарының арасында саяхат рейстерiн италиялық байрақпен жасайтын болған. Егіз кемелері Carnival Splendor, Costa Pacifica, Costa Favolosa, Costa Fascinosa және Costa Serena болып саналады.

Сипатты Costa Concordia ұзындығы 290.20 метр, ал ені 35.50 метр және биіктігі 8.20 метрді құрайды. Ол 19.6 түйін (36.3 км/с) жылдамдықпен қозғалта алатын 75 600 киловатты Wärtsilä алты дизельді қозғалтқыштар арқылы жүзеді.

Апат thumb|left|Апат орынының схемасы 2012 жылдың 13 қаңтарында кеме өзінің әдеттегі «7 Night Winter Mediterranean (Savona Roundtrip)»7 Night Winter Mediterranean (Savona Roundtrip) саяхат бағдарымен Савонудағы Чивитавеккья айлағынан шықты.

14 қаңтарға қараған түні Джильо аралы маңында қайраңға отырып, суасты жартасына соғылған. Алғашқыда тез қисая бастаған кеме бір жағына құлап, жарым-жартылай суға батып кетті. Жолаушылардың көбі кемедегі құтқару қайықтарына тиеліп, Джильо аралына аман-есен жеткізілгенкеме апатқа ұшыраған жерден тағы бір адамның мәйіті табылды.

Апат кезінде бортта 62 елден 3216 жолаушы және 1023 команда мүшелері болды. Жолаушылардың арасында 7 ҚазақстанЖерорта теңізінде қайырға тұрып қалған «Коста Конкорда» круиздік кемесінің бортында Қазақстанның үш азаматы болды және 108 Ресей азаматтары болған. Ешкім зақымданбаған. Сонымен қатар кеме бортында 45 Украина және 3 Беларусь азаматтары болды.

Франческо Скеттино

Costa Concordia кемесінің апатқа ұшырауына кеме капитаны Франческо Скеттиноныңhttp://www.1tv.kz/kk/news/world/16012012/keme/Costa Concordia иесі кеме апатына капитанды айыптады көптеген қателігі себеп болған. Бұл туралы бүгін кеме тиесілі болған «Коста Крочере» компаниясының мәліметінде айтылды.

Кеме иесінің айтуынша: «Кеменің бағыты жағалауға тым жақын болған». Сонымен қатар «кеме капитаны төтенше жағдайлар орын алғанда орындалуы тиіс шараларды ескермеген».

Қазіргі кезде тергеушілер «қара жәшіктегі» мәліметті анықтауды бастады. Алғашқы мәліметтер бойынша, команда мүшелері де, капитан да SOS теңіз дабылын бермеген. Сондай-ақ айлақ басшылығымен өздері емес, керісінше, жердегі операторлар кемемен хабарласқан.

Апаттың орын алу себептерін тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ, алдын ала мәліметтер бойынша, оған адам қателігі себеп болғаны белгілі болып отыр.

Апат орынынан фотосуреттерi

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Costa Concordia Last registered track and speed (on google maps) Slideshow of capsized ship See the exact location Rome newspaper nautical chart and satellite photo. Flickr Blog 16 қаңтар 2012 : Costa Concordia run aground off the Italian coast. US NOAA Nautical Chart of Area. Blog with many charts and radar data.

Санат:Круизді кемелер