Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев (17 қыркүйек 1939, Асқар Тоқпанов ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, генерал-полковник (2001), Халық Қаһарманы (2024).
Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1963) заңгер мамандығы бойынша; КСРО МҚК №302 Минск мектебін; КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін (1971) бітірген. 1956 жылдан - Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» үжымшарында жұмысшы. 1957 жылдан - Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының вагоншы-жұмыскері. 1958 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1963 жылдың шілде айынан -Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі. 1963 жылдың қыркүйек айынан - КСРО МҚК №302 Минск мектебінің курсанты; КСРО МҚК кадрлық офицері, жедел өкілден ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейінгі қызмет жолын өткен. 1991 жылдың қараша айынан - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы. 1993 жылдың маусым айынан - ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары. 1993 жылдың желтоқсан айынан - ҚР ҰҚК төрағасы. 1995 жылдың қараша айынан - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы. 1997 жылдың наурыз айынан - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы. 1999 жылдың қазан айынан ҚР қорғаныс министрі. 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің кеңесшісі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет әдебін сақтауы жөніндегі комиссияның төрағасы - ҚР Президеті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. 2002 жылдың қыркүйек айынан - «Еуро-Азия Эйр Интернэшнл» ААҚ Халықаралық еуразиялық әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін).
Марапаттары «Даңқ» (1997) ордені; 3-дәрежелі «Барыс» (2008) ордені; 1-дәрежелі «Барыс» (2019) ордені; «Отан» (10.09.2024) ордені; Халық Қаһарманы атағы (10.09.2024);https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-halyk-kaharmany-sat-tokpakbaevka-ayryksha-erekshelik-belgisi-altyn-zhuldyz-ben-otan-ordenderin-saltanatty-turde-tabystady-1681050 «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001); 14 мерекелік медаль (КСРО, ҚР, Қырғызстан, Тәжікстан, РФ); Алматы облысының құрметті азаматы; Алматы қаласының құрметті азаматы.
Отбасы Жұбайы — жазушы Сәуле Досжан.
Қызы - Гүлмира; ұлы - Дәулет. Немерелері - Әміржан, Дәужан, Камилла, Іслем, Селима.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:17 қыркүйекте туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан ҰҚК төрағалары Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:Қазақстан генерал-полковниктері Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО Қарулы күштерінің ардагері медалінің иегерлері Санат:Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:Іле ауданында туғандар Санат:Қазақстан Халық Қаһармандары Санат:Алматы облысының құрметті азаматтары Санат:Алматының құрметті азаматтары