Тұйық — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл (1965 жылдан 2013 жылға дейін кент болған), Тұйық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Кеген ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде, Темірлік өзенінің сол жағасында, Қурайлы тауының солтүстік баурайында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14251296 981 75,7 637 488 76,6 659 493 74,8

Тарихы Ертеде “Қотантас”, 19 ғасырдың орта шенінде Тұйық аталған. 1932 жылы Көктас, Есенгелді, Тұйық ауылдары “Бірлік” ұжымшарына бірікті. 1952 жылдан қой өсіретін кеңшардың бөлімшесі болды. 1955 жылы Тұйық қорғасын-барит кен орны ашылып, ол Текелі қорғасын-мырыш комбинатына шикізат беріп тұрды. 2002 жылы Текелі кен байыту комбинатына беретін кен қоры мөлшерінің тым азаюына байланысты кеніш жұмысын тоқтатқан. Тұйықта Кеген орман шаруашылығы, Қарасай ағаш дайындау, өңдеу цехтары, т.б. кәсіпорындар бар. Олардың басым көпшілігі 1997 жылдан кейін жекешелендірілді. Тұйықтың маңы қайнар бұлақты, орманды, үңгірлі келеді.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:Кеген ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері