Ұзынбұлақ – мустьер мәдениетінің жоғарғы кезеңіне жататын қоныс.
Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласынан солтүстікке қарай 35 км жерде.
Зерттелуі, сипаты 1958 жылы Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтының Қаратау экспедициясы (жетекшісі Х. Алпысбаев) ашып, зерттеген. Археологиялық ізденістер барысында әр түрлі көлемдегі сан алуан бұйымдар (әр түрлі қырғыштар, тескіш-қырғыштар, өзек тастар, өңделген тас құралдар) табылған. Бұлар Ұзынбұлақты байырғы адамдар мустьер уақытында мекендегенін айғақтайды.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштері