KAZ.KZ ұлттық акпаратты-іздестіру жүйесі — бұл Интернет желісінің ұлттық сегментіндегі қоғамға бағытталған ақпараттарға жедел кіріс механизмі. KAZ.KZ жүйесінің негізгі ерекшеліктері ақпараттарды көптілді іздеу (қазақша, орысша) және басқа ұлттық ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасымен интеграциялау болып табылады.
KAZ.KZ акпаратты-іздестіру жүйесі Интернет желісінің қазақстандық сегментінде және .KZ домендік аймағындағы веб-сайттарды құрамы бойынша іздеу жүргізеді. Іздестіру жүйесі ақпараттық іздеу саласындағы ең жаңа жетістіктер негізінде құрылған және табылған нәтижелерді сұрыптаудың ерекше алгоритмдерін пайдаланады.
«KAZ.KZ ақпаратты-іздестіру жүйесі» жобасы Интернет желісіндегі қазақстандық сегментінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамытуға жағымды ықпал етеді.
KAZ.KZ ұлттық акпаратты-іздестіру жүйесі 2009 жылдың 16 желтоқсанында ресми түрде іске қосылды.
Сілтемелер Ресми сайты Национальный поисковик Kaz.kz первым в СНГ получил поддержку многоязычного поиска В Казахстане запустили новый поисковик - kaz.kz Поисковая система KAZ.kz выйдет на страны Центральной Азии Кaz.kz вместо «Гугла» и «Яндекса» Вопросы развития поисковой системы KAZ.kz обсудили в Алматы KAZ.KZ бросает перчатку Yandex
Санат:2009 жылы пайда болған сайттар