Өсімдік туралы Пілқұлағы– ароидтар тұқымдасына жатады. Отаны оңтүстік-шығыс Азия тропикалық ормандары. Табиғатта 500-ге тарта түрі бар. Бірақ барлығының жапырағының пішіні піл құлағына ұқсас келеді. Бізде Қазақстанда пілқұлағының A. Macrorbira және A. Cuprea деген түрлері бөлме гүлдері ретінде өсіріледі. Жапырақтары тікелей топырақтан өсіп шыққан сабақтарының басында орналасқан.. Сабақтарының бойы аса биік болмасада, жапырқтарының көлемі үлкен болып келеді. Көп суғарып жібергенде немесе ауа тым ылғал болып кеткенде, жапырақтарында су тамшылары пайда болады. Пілқұлағын барометр деп те атайды, жаңбыр жауар алдында жапырақтарында су тамшылары пайда болады.
Жарығы Жарықта өседі. Тіке түскен күн көзінен сақтау қажет.
Жылуы Барлық ароидтар секілді, жылуды жақсы көреді.
Суғарылуы Жазда молынан, қыста сирек суғарады.
Ылғалдылығы Су бүркіп ылғалдандырып, әрі жапырақтарының тазалығын сақтау қажет.
Қоректендірілуі Әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіріп тұру қажет.
Аурулары Өсімдік битімен өрмекші құрты, кенемен ауруы мүмкін.
Көбейтілуі Түбін бөлу және жанама өскіндері арқылы көбейтеді.
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8