Қазақстанның дәстүрлі аграрлық құрылымы. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық жаңа үрдістер және шаруа мәселесі 20-жылдардың екінші жартысынан бастап кенес мемлекеті экономикалық және саяси күйреуден арыла түсті, ЖЭС идеологиясынан бас тартып, саясатын қайтадан Қазан революциясы бағытына бұрды.
Нақ осы кезеңде «еңбекшілердің таптық санасына» сүйене отырып, ал іс жүзінде бәрібір сол тобырдың люмпен-пауперлік психологиясымен режим дәстүрлі құрылымның қызметі мен ұдайы өндірісі тетігінде тура қиратушы-бей-берекетсіздік процестерді туындата отырып, реттеуші акцияларды жүргізуге, әлеуметтік топты ұйымдастырудың қалыптасқан эко-жүйелік тәртібімен, яғни жинақтап айтқанда этностың тіршілік ету жүйесінде әлеуметтік-мәдени және институттық басымдықтарын ұйымдастыруға тырысты.
Осы айқындаманың дұрыстығын, тарихи іс-қимылдардың ақиқат бейнесін анықтауға біраз уақыт кететін бірқатар шешуші жайттарды алдын ала зерделеп алмайынша, біз бәрібір мәселені түйсіне алмаймыз. Ең алдымен, мүмкіндігінше, қысқа да болса, негізгі дәстүрлі әлеуметтік топты ұйымдастырудың және оның «тірек конструкцияларын» - мал өсіруші жайылымдық-көшпелі қауымдарының басты құрылымдық-функционалдық принциптерін тұтас қарастыруға тура келеді.
Осы ой орамында басты мәселеге, мал өсіруші шаруашылықтардың (Қазақстанның қуаншылық жағдайында шаруашылық-мәдени тірліктің басты түрі болып табылатын) мақсаты «күнкөріс экономикасы» болғанын атап көрсеткен жөн. Соңғысына өндіріс құралдарын ұдайы қайта дамытып, өсіріп отырғанда (мал мен жайылымдық) және қажетті азық-түлікті өндіргенде ғана қол жеткізуге болатын еді.
Алайда осы императивті міндет қарапайым тірлік кешкен көшпелі мал өсірушінің қолынан келмеді. Және бұл түсінікті де, не мал жаюды ұйымдастыру, оны өсіріп-өндіру мен түрлі қауіп-қатерден аман сақтау, айналып келгенде, өндіріс құралдарының қарапайым ұтымды тепе-теңдігін (мал саны мен табиғат, яғни су-жайылым қоры арасындағы тепе-теңдік) қамтамасыз ету малдың белгілі бір сандық және тұр жағынан көбеюі жағдайында ғана мүмкін еді. Малдың шамадан тыс көбеюі де бірқатар қиыншылықтарды туындатты. Егер мал басынын ойластырылған шекте барынша өсуі табиғи мал азығы қорымен қамтамасыз етілмесе, олардың тіршілік ету ортасында жайылым тапшылығына жеткізді, ал мал басы шектен тыс азайып кетсе өрісте жайылатын малдардың өсімпаздық биологиялық және этологиялық ерекшеліктеріне (гендік ерекше жағдайына) орай технологиялық процестерді қалыпты ұйымдастыруға кедергі келтірер еді.
Басқаша айтқанда, мекен еткен ортаны кәдеге жаратудың тиімділігі өндіріс құралдарының сандық-сапалық сипатының онтайлылығына, бұл жағдайда малдың құрамдық және сандық түріне байланысты болды. Тек тәжірибеде сыналған оңтайлылық (ол шаруашылық және экологиялық ұзақ даму барысындағы тәжірибемен тексеріледі) сақталған жағдайда ғана жеке Дара шаруашылық өзіндік ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге, сөйтіп сақталып қалуға мүмкіндік алады.Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов КН. История крестьянства Советского Казахстана..
Осы маңызды тіршілік жағдайына қол жеткізу мақсатында мал өсіретін шаруашылықтар әрқайсысы бір-бірін өндіріс құралдарымен, яғни технологиялық оптимум қалыптасқанға дейін малмен өзара толықтыра отырып бірігуге көшті.А.-А., 1985, 135-139-6..
Ол былайша жүргізілді. Мәселен, бір шаруашылықта 200-300 қой болды делік. Бірақ ол, көп сияқты болғанмен, бәрібір бүкіл өндірістік кедергілер кешенін еңсеруге, тиісінше шаруашылықтың қалыпты түрде жүргізілуіне (ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге) жеткіліксіз еді. Сондықтан шаруашылық жүргізуші субъект өзін қажетті мөлшерге дейін өндіріс құралдарымен (яғни өзінің үлестік малымен) толықтыра алатын басқа шаруашылықтармен бірігуге мәжбүр болды. Ол әрқайсысында кем дегенде 20-25 бас малы бар 10-12 шаруашылық болуы мүмкін.Осы нұсқадағы қарапайым бірігу өздері күткен шоғырлануға мүмкіндік жасады. Бірігудің өр түрлі нұсқасын алуға болады, бірақ олардың жиынтығы барлық уақытта қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталады.Сонда, 138-139-6..
Айтылғаннан шығатын қорытынды, мал өсіруші қауымдарда өндірісті ұйымдастыру оған кіруші жеке адамның тек жанды еңбекті (жұмыс күшін) ұсынушы ғана емес, сондай-ақ аз да болса мал түрінің белгілі бір санына ие болуымен ерекшеленді. Онсыз ол қосымшалық (мал басын өз үлесімен толықтыру) принципін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылды және тиісінше кооперация негізінде пайда болған өндірістік қауымға кіріге алмайды.
Демек, қазақтың жайылымдық-көшпелі қауымдары кооперация негізінде жұмыс істеді. Нақ соңғысы өндірістік күштердің баяу дамуы жағдайында жекелеген адамдардын қолы жетпейтін немесе ішінара қолы жететін еңбек құралдарымен техникалық жарақтануын қамтамасыз ете отырып, компенсациялық (өтемдік) қызмет атқарды. Осы ретте де қауымдық кооперация оның тіршілік етуінің кепілі қызметін атқарды.
Қауым дуалистік (екі бағытты) құрылым болғандықтан (жерге қауымдық және малға жеке меншік, ұжымдық өндіріс пен жеке иелік) өндіріс және бөлу желісінде тартылған бүкіл қарама-қайшылықтар жиынтығын сақтады. Соңғысы, атап айтқанда, мүліктік және әлеуметтік жіктерде тіркелді.
Осындай жікке бөліну нәтижесінде қауымдастардың бір бөлігі кедейленді және қауымнан біртіндеп алшақтады не өндіріс құралдарын (малды) жоғалта отырып, бірін-бірі толықтыру, яғни шаруашылық кооперациясы жүйесінде өз қызметін атқара алмады.
Сонымен бірге байлық, яғни мал мол жинақталған қауымдар да кездесті. Оның санын шоғырланудың айтарлықтай жоғары деңгейінде ойдағыдай көбейткен қауымдық шаруашылықтар қауымдық кооперацияны қажетсінбеді. Шартты түрде үдайы өндірісті сапалық тұрғыдан өзге принциптер арқылы қамтамасыз ете алатындықтан, тәуелсіз және қауымдық кооперациядан тыс өмір сүруге қабілетті ірі бай шаруашылықтар осылайша қалыптасты. Олар өз қажетін өтеп қана қоймай, қосымша өнімдер де өндіре бастады. Оны қауымдар ысырып шығарған және жаңағы ірі бай шаруашылықтарға жалданған жұмыскерлер жүзеге асырды.
Сөйтіп, шенеуніктер санасында жеңіл тоғысатын «ауыл», «қауым», «ірі бай шаруашылықтар» сияқты түсініктер іс жүзінде бір-біріне мүлдем ұқсас емес еді. Егер ауыл орналасудың тек дәстүрлі қарапайым ғана түрі болса, қауымдық және қауымнан тыс құрылымдар (ірі бай шаруашылықтар) өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір және көп жағдайда әлеуметтік формалары мықты ерекшеленетін ұқсас құрылымдар болып табылады.
Олардың үйлеспейтін жақтарын дәлірек сипаттап көрелік. Қауымдардың шаруашылық негізін құрамына мүшелер қосып алу арқылы өзін ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз еткен, яғни «күнкөріс экономикасына» қолы жеткен кооперациялар құрады. Қауымда тіпті де тенгермешілік принципі жоқ еді, көп жағдайда дау-жанжал орын алды: бұл арада мүдделердін қарама-қайшылығы мен қанаушылық көрініс тапты. Соңғысы бүркемелі, яғни жабық сипатта болды: оқшаулау мен қосымша еңбекті иелену әлеуметтік реттеудің (патернализм) қауымдық-жеке бастық дәстүрлі институттық қатынастарымен, редистрибуция (бөлу) және реципрокация (беру-қайтарым) құбылыстарымен жасырылды.
Ірі бай шаруашылықтардың қалыптасуы Қауымға қатысты айтарлықтай әлеуметтік кеңістікте ірі бай шаруашылықтар қалыптасты. Ол енді қауымдық кооперацияға мұқтаждығы жоқ және тек қажетті ғана емес, сонымен бірге қосымша өнімдер өндіруді мақсат тұтқан өндірістік ұйымдар еді. Бұл ретте ірі шаруашылықтар өндірістік жағдай мен өндіріс құралдары монополиясына, яғни бірінде (ірі байларда) болып, екіншісінде болмауына ғана сүйенді. Олар қауымдардан ығыстырылған және капитализмге дейінгі жұмыс күшін жалдау-жалға беру қатынастарына енген, сондай-ақ маргиналдар мен халықтың қайыршыланған тобын құрайтын жеке адамдарды тікелей канады. Ірі шаруашылық иелері тарапынан болатын қанаушылық үрдіс мейлінше анық көрініс тапты және еш бүркемелеусіз жүзеге асырылды.
Көрсетілген екі құрылым да автономдық негізде ұдайы өндірісті игере және жүзеге асыра алмады. Сондықтан таза экономикалық, сондай-ақ аралық және патриархалды-гендік (рулық) қатынастық байланыстармен ұштасқан өте күрделі өзге макро үлгідегі жиынтық құрылымды барынша кең көлемде құрды.
Осы мейлінше кең қамтылған өндірістік-әлеуметтік қауымдастықты немесе дәстүрлі құрылымды белгілі жорамалмен өзіндік әлеуметтік-экономикалық экожүйе ретінде қарастыруға болады. Оған кіретін барлық элементтер мен жүйелер — қауымдар мен ірі бай шаруашылықтар, кедей-қайыршылар тобы мен маргиналды субъектілер, өздеріне тиесілі өндірістік және шаруашылық-мәдени қызметпен шұғылдана отырып, кеңістік-аумақтық тұрғыда нақты сол табиғи мекен ету ортасын игерді. Және өздерінің осы аумаққа ортақ қатысын олар бірыңғай қызмет ету тұтастығы, яғни экожүйе ретінде қабылдады.
Экожүйелік принцип барлық элементтер мен жүйелердін қатаң түрдегі өзара байланысы мен өзара толықтырушылығын білдіреді. Сондықтан олардың бәрі жеке алғанда қызметтік мәні бар құрылым деп танылды және экожүйе сияқты тұтас құрылымның ұдайы өндірісінде өзінің ерекше қызметін атқарды.
Олардың қайсы біреулері осы сапаны жоғалтқан жағдайда құрылымнан аластатылды және табиғи түрде істен шықты. Осы жүйенің кез келген элементі күшпен қоршау немесе істен шығару, оларды «экожүйеден» «ығыстыру» құрылымның бүкіл тұтастығын, яғни осы ретте әлеуметтік-экономикалық экожүйені бұзумен барабар еді.
Өз кезегінде соңғысының бұзылуы «қоғам – табиғаттың» өзара іс-қимыл желісі бойынша сөзсіз түр өзгерту толқынын тудырады, басқаша айтқанда табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың серпінді тепе-теңдігін бұзуға қабілетті болып шығады, яғни біртұтас қызметке біріккен, жанды жаратылыстың және ол мекен ететін ортаның қауымдастығы ретінде оның қатаң анықтамасына орай түсінілетін экожүйенің өте күрделі проблемасына әкеп соқтыруы мүмкін.
Дәстүрлі құрылым синергиялық, яғни өзін-өзі ұйымдастыратын және ұдайы өндірілетін жүйе болып табылады. Оның барлық қызметі мен байланыстары табиғи қуаншылық кеңістікке әлеуметтік бейімделудегі ғасырлар бойғы шаруашылық-экологиялық тәжірибе арқылы пысықталды.Сонда..
Өте ауқымды, көптеген көрінетін және көрінбейтін ұдайы өндіріс арналары түріндегі аса күрделі «қан жүретін және жүйке тамыр жүйесі осы организмді қоректендіреді. Өзінің гомеостазын (тепе-теңдігін) сақтауға тырысып, ол қандай да болсын баламасыз күштеп енуге жол бермейді, әйтпесе кез келген қайсыбір ұдайы өндіріс тамырын не жүйкесін қысып, тарылту оның иммундық жүйесін бұзып, «тромбоз және сал болуға» душар етер еді.
Демек, дәстүрлі құрылымның экожүйелілік және синергизм принциптері оның барлық элементтері мен жүйелерінің объективті түрде қызмет атқаратын ақиқаттары, сол сияқты солардың арасында қалыптасқан ұдайы өндіріс байланыстарының бүкіл қайтымды жақсылығы ретінде түсіндіріледі. Олардың біртұтас қызмет етуі ғана дәстүрлі құрылымның сақталуы мен тіршілік етуіне кепіл бола алды. Ал егер соңғысының өз шегінде көп жағдайда әлеуметтік топқа сәйкес келетінін ескерсек, демек ол әлдеқайда кең ауқымда — этностың тіршілік етуінің бүкіл жүйесі, ең болмағанда, мұндай жағдайда оның шаруаларды құрайтын абсолютті басым бөлігі арасында әрекет етеді.
Сонымен бірге большевиктік мемлекет ортодоксалды марксизм идеологиясынын мұрагері ретінде қоғамдық құрылымдар дамуындағы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды мойындамады. «Ғылыми коммунизмнің» кеменгерлік мәніне сендіре отырып, мемлекет өте күрделі және сан қырлы жүйе ретінде онын балама «анатомияға» мүлдем берілмейтінін ескермеді. Және, бәрінен бұрын, осы субъектіге кез келген үміткер қайсыбір трансцендент талдаушы (сыртқы, зерделеу ақиқаты аясынан тыс) ретінде әрекет ете алмайды, өзі не осы «анатомияның» бөлігі және тиісінше, оның белгілі бір сегменттерін (айталық, қарапайым пендемен салыстырғанда ақылдырақ адамның таным аясы кеңірек болады, қалай дегенмен оның «нысанаға алу» секторының шегі бар) көруге ғана қабілетті болады.