Овиедо (,) — Испания мемлекетінде орналасқан қала,Астурия автономиялық бірлестігінің әкімшілік орталығы.Муниципалитет Овьедо ауданының құрамына енеді.Овьедо ірі сауда және өнеркәсіп қаласы болып саналады.Қала VIII—IX ғасырдағы романдық сәулетке дейінгі қорық ретінде танымал. Әлемде "Оведьо" аттас бірнеше қала бар және бұл қалалардың барлығы Америка құрлығында орналасқан.Сонымен қатар Мексикада,Парагвайда,Доминикан Республикасында және Флоридада да "Овьедо" аттас қалалар бар.

Тарихы Қаланың негізін 761 жылы Оветум тауында орналасқан әулие Винсент шіркеуіндегі сопылар қалаған және қала жеміс-жидек бақшасымен қоршалған жазық дөңнің ортасында жайғасқан.Испания қаласын мавр тайпасымен жаулап алғаннан соң,Альфонсо II Оведьо қаласын өзінің сарайы етіп алады.Осыдан кейін қала христиандық Испанияның бас қаласына және қажылықтың ірі орталығына айналады.Сонымен қатар Овьедо Астурия патшалығының астанасы және Реконкистаның орталығы болған.1600 жылы Овьедо қаласында "Овьедо университеті" ашылады.XX ғасырда да бұл қалада соғыстар әлі болса жалғасын табады.1934 жылы тас көмір мен темір кеніне бай бұл аумақта көміршілердің көтерілісі болады,ал Франкоға қарсы ұзаққа созылған табысты қарсыласудан кейін бұл қала антифашисттік және кәсіпшілер одағының қозғалысының тірегі болып саналады.

Тұрғындары 2005 жылғы санақ бойынша қазіргі кезде муниципалитет шекарасында 213,7 мың адам тұрады.

+ТұрғындарыЖылҚалаМуниципалитетЖылҚалаМуниципалитет1787*6 491 1996 200 049185714 15631 9331997нет данных188718 614 1998 199 5491900 48 1031999 200 4531910 53 2692000183 524200 4111920 69 3752001184 374201 0051930 75 4632002186 463202 938194051 41082 5482003191 231207 699195071 598106 0022004193 274209 495196091 550127 0582005196 156213 7821970130 021154 117 1981168 315190 123 1991 204 276

Қалада туып-өскен танымал адамдар Фернандо Алонсо - "Формула - 1" автокөлік жарысының екі дүркін әлем чемпионы

Қаланың назар аударарлық орындары thumb|Овиедо шіркеуі Сан-Франциско орталық саябағы Қала әкімінің ғимараты мен Сан-Исидро шіркеуімен Конституциялық алаң Үлкен қоңыраулармен Сан-Сальвадор готикалық шіркеуі — астуриялық патшалардың мазарымен Испан христиан дінінің рәмізі Сан-Тирсо шіркеуі

Мұражайлары Сан-Висент монастырындағы тарихи-археологиялық мұражай Көркемөнер мұражайы

Бауырлас қалалары Вальпараисо () Чили 1976 Бохум (), Германия, 1979 Буэнос-Айрес (), Аргентина, 1983 Веракрус (), Мексика, 1983 Клермон-Ферран (), Франция, 1988 Тампа (), Флорида, АҚШ, 1991 Сантьяго-де-Компостела (), Испания, 1993 Санта-Клара (), Куба, 1995 Джерси-Сити (), Нью-Джерси, АҚШ, 1998 Самора (), Испания, 2001 Торревьеха (), Испания, 2004 Ханчжоу (), Қытай, 2006 Валенсия-де-Дон-Хуан (), Испания, 2006 Овьедо (), Флорида, АҚШ, 2006 Визеу (), Португалия, 2007 Маранелло (), Италия, 2010

Тағы қараңыз Испания. Изд-во «Вокруг света». 3-ші басылым. 2008. ISBN 978-5-98652-118-3

Сыртқы сілтемелер Овьедоның ресми сайты

Санат:Испания қалалары Санат:Овьедо