Ақырет киіз (иман киіз) Бұл қаза болған кісіні ақырет киімі сырттан орайтын бір парша көлемді ақ киізді көрсетеді. Бұл қойдың жүнінің қылшығын суырып, қалған ақ түбітінен басып даярланатын киіз, оны арнаулы жүкке жиып таза сақтайды. Тірі кезде төсенішке істетпейді. Атам заманда халқымыз ақ киізді кебін ретінде істеткен. Сондықтан мұндағы жылдарға дейін ақырет киіз жасалып, ол тек мәйітті орап жерлікке апару аралығында ғана істетілетін болып, істетілу көлемі кішірейген.
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме [ҚХР Іле жастары журналынан Авторы: Әбсамат Тоқтасынұлы]