«Eurosport» (Еуроспорт) — француздық телеарна, ең ірі жалпыеуропалық спорттық телеарна болып табылады. Аудиториясы әлемнің 59 елдегі шамамен 240 миллион көрерменді құрайды. Әлемнің 20 тілінде хабар таратады.

«Eurosport» 1989 жылы құрылған және француздық TF1 Group медиахолдингіне жатады .

Елдердің көбісінде, панеуропалық деп аталынатын телеарнаның нұсқасы көрсетіледі. Бірақ, Германияда, Францияда және Англияда телеарнаның өзіндік нұсқалары көрсетіледі (аударылған жазуларымен және жарнамасымен). 2015 жылдың 13 қарашасында Eurosport негізгі арнасының атын Eurosport 1 деп өзгертті.

Eurosport көрермендерге еуропалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұсынады, белгілі бір іс-шаралар белгілі бір елде қолжетімді емес, себебі Eurosport сол аумақта құқық иесі емес.

Тағы қараңыз Eurosport News Eurosport 2 Eurosport HD

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер «Eurosport» телеарнасының ресми сайты

Санат:Спорттық телеарналар