5 аяттан тұрады. Меккелік сүре.

Жуық аудармасы Халифа Алтай бойынша:

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

إِنَّآ أَنزَلۡنَـٰهُ فِى لَيۡلَةِ ٱلۡقَدۡرِ

Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (1 )

وَمَآ أَدۡرَٮٰكَ مَا لَيۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ

(Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? (2)

لَيۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ خَيۡرٌ۬ مِّنۡ أَلۡفِ شَہۡرٍ۬

Қадыр түні мың айдан қайырлы. (3)

تَنَزَّلُ ٱلۡمَلَـٰٓٮِٕكَةُ وَٱلرُّوحُ فِيہَا بِإِذۡنِ رَبِّہِم مِّن كُلِّ أَمۡرٍ۬

Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. (4)

سَلَـٰمٌ هِىَ حَتَّىٰ مَطۡلَعِ ٱلۡفَجۡرِ

Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады. (5) Дереккөздер

Сілтемелер

Санат: Құран сүрелері