Топтық пікірталастыру әдісі - 1) міндетті қарқынды әрі өнімді орындау мақсатындағы бірлескен іс-әрекеттің ұжымдық ұйымдастырылуы; 2) пікірсайысқа қатысушылардың пікірлері мен ұстанымдарын өзара тікелей тоғыстыру тәсілі. Топтық пікір — қоғам мен осы топ үшін мәні бар және осы топтың өзара қатынасын адамгершілік нормаларына сай сұрақтар бойынша топтық бағалау, пайымдау. Топтық пікірталастыру әдісі кіші (контактілі) және үлкен топтар бойынша сараланады.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Дереккөздер
Санат:Жантану Санат:Медицина