Шардара бөгені — Түркістан облысының Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзенінің арнасына салынған.
Гидрологиясы 1968 жылы бөген шарасы суға толтырылды. Бөгетінің биіктігі 24 м. Ауданы 900 км2, ұзындығы 80 – 100 км, ені 20 – 25 км, ең терең жері 25 – 26 м, орташа тереңдегі 6,3 м. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Бөген арқылы жалпы 394,0 мың га жер суарылады (оның ішінде 105 мың га күріш егістігі). Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0
Дереккөздер
Тағы қараңыз Шардара су электр станциясы
Санат:Түркістан облысы гидрографиясы