Шәріпқанов Ахметжан (10 қыркүйек 1908, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жайма ауылы – 10 қыркүйек 2001, Алматы қаласы) – химия ғылымының докторы (1969), профессор (1970), Қазақстан ғылым академиясының мүшесі (1972). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1983).

Қысқаша өмірбаяны: 1934 жылы Мәскеу педогогикалық институтын бітірген; 1935–1938 жылдары Алматы байланыс және кооперация техникумында мұғалім, директордың орынбасары; 1938–1987 жылдары ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аспирант, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі; 1987 жылдан профессор, лаборатория жетекшісі қызметтерін атқарған.

Еңбектері: 1968 жылы «Исследования в области синтеза новых физиологически активных производных N-замещенных 2,5 диметилпиперидина. Синтез новых обезболивающих веществ» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері нәзік органикалық синтез мәселелеріне арналған. 35 авторлық куәліктің иегері. Ленин орденімен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер: