Үш саусақты ергежейлі қосаяқ - Salpingotus crassicauda Vorontzov, 1924 right||300px|"Төрт аяқты қосаяқ"

Кеміргіштер отряды Rodentia

Қосаяқтар тұқымдасы Dipodidae

Статусы III-ші санат. Сирек таралу аймағы тар түр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Таралу аймағы шектелген және саны аз шекаралық түр - Әлемдік фаунадағы төрт түрдің бірі, тек Зайсан қазаншұңқыры ауданында ғана мекендейді.

Таралуы Зайсан қазаншұңқырының барлық құмдары. Қара Ертістің сол жағалауындағы Бүкон құмдары, Бозайғырқұм мен Дала, Қара Ертістін оң жағалаулындағы Өзнұра құмдары және Зайсан көлінің оңтүстік жағалауындағы шағын құмдар. Мекендейтін жерлері. Астық тұқымдастар – жусанды немесе астық тұқымдастар - әртүрлі шөптер өскен жартылай бекінген құмды жазықтар. Жайдақ және аса биік емес шағылдарда, тақырларда, сортаңды не қиыршық тасты аймақтарда сирек кездеседі, ал ірі жоталы құмдарда жоқ. Воронцов и др., 1969; Мазин, Мурзов, 1990; Шенброт и др., 1995;

Саны Жалпы сана аса көп емес – 10 км автомаршрутта 0.5-тен 12-ге дейін.Воронцов и др., 1969; Мазин, Мурзов, 1990;Мазин, Касабеков, 1983; Бірақ та біршама қолайлы биотоптарда жекеленген жылдары бұл көрсеткіш жоғары – 13-тен (Букон құмдарының солтустік бөлігі) 39-ға (атсыз құмдардың оңтүстік шеті) жетеді, бұл кезде қосаяқтардың мекендеу тығыздағы Дала құмында 1 га-да 5.1, Букон құмдарында 10.7 бас болады.Мазин, Мурзов, 1990;Мазин, 1996; 7 Саны жылдар бойынша біршама өзгеріске ұшырайды. Қазақстанда тіркелген санының ең жоғарғы көрсеткеші төменгі көрсеткіштен 6-10 есе артып түседі.Шенброт и др., 1995;

Негізгі шектеу факторлары Қолайсыз қыстардан кейін топырақты терең тоң басу және мұз басу қосаяқтардың қысқы ұйқы кезінде өлім – жітілге ұшырауы артады.Шубин и др., 1969; Жыртқыш аңдар мен құстардың да әсері болуы мүмкін.

Биологиялық ерекшіліктері Жеке тіршілік етеді. Қысқы ұйқыға жатады. Оған қыркүйекте кетіп, сәуірдің аяғында оянады.Мазин, Мурзов, 1990; Щербаков, 1977; Ұйқыға кетер алдында денесінің 28%-н құрайтындай май жинайды. Түнде белсенді. Жазда жеке аймақтарының ауданы 0.35 га-дан (емізуші аналықтар) 0.5 га-ға (ересек аталықтар) жетеді. Негізгі қорегі – тұқым және жәндіктер, аздап өсімдіктердің жасыл бөліген де жейді. Қолда ұстағанда күнбағыс, жүгері, құмық пен сұлы дәндерін, түрлі жәндіктерді, өрмекшілерді, құмырсқа жұмыртқаларын, нан, сол сияқты алма, сәбіз пен картопты сүйсіне жейді.Мазин, Мурзов, 1990; Шубин и др., 1969; Параскив, 1960: Исмагилов, 1972; Ересек аналықтар бір маусымда 2 рет – мамыр мен маусында көбейеді, бұл кезде олар әрі буаз әрі ұрпақтарын емізеді. 1-6, орташа 3-4 ұрпақ әселеді. 9-11 айда жыныстық жағынан жетіледі. Исмагилов, 1972; 10. Мазин, Мырзабеков, 1985. Табиғатта тіршілік ұзақтығы 3 жылдан аспайды.Воронцов и др., 1969;

Қолда өсіру Жақсы күтім болса қолға оңай үйренеді.Мазин, 1996;

Қабылданған алынған қорғау шаралары Алынбаған.

Қорғауды керек ететін шаралары Арнайы қорғау шаралары қарастырылмайды.

Зерттеу үшін ұсыныстар Таралу аймағы шектеулі шекаралық түр ретінде оның санына тұрақты мониторинг жүргізу, экологиясы мен биологиясын зерттеу.

Дереккөздер

Санат:Қосаяқтар