«Ешқандай міндеттемелерсіз»Ағылшын сөзі "No Strings Attached" сөзінен тікелей аударылған (, ) — Айвен Райтманның романтикалық комедиясы, онда сексуалды қатынасқа қалай жеңіл енуге және екі адам арасындағы эмоционалды жақындастыққа жетудің қандай қиын екені баяндалады.

Басты рөлдерде — голливудтың жас әрі жарқын жұлдыздары Эштон Кутчер мен Натали Портман.

2011 жылдың 21 қаңтарында АҚШ-да фильмнің тұсаукесері болып өтті.

Сюжет Басты кейіпкерлер — Эмма мен Адам — сонау балалар лагерінде өздерінің сексуалды қатынастарын жасамақшы болған, бірақ бәрі сәтсіз болды. 15 жылдан соң олар қайта байқамақшы болады. Бұл жолы бәрі ойдағыдай өтеді. Ендігі бұларды тек секс ғана байланыстырады, және олар өздерінің арасында махаббат сезімі пайда болмайтынына сенімді болғасын физиологиялық түйсікке беріледі. Шақыру бойынша секс. Бірақ уақыт өте жұптар өздерінің арасында бөтен сезім бар екенін байқайды — мысалы, құштарлық, бір-біріне деген қамқорлық, онымен қоса махаббат.

Рөлдерде Натали Портман — Эмма Эштон Кутчер — Адам Кевин Клайн — Элвин Кэри Элвис — дәрігер Метцнер Грета Гервиг — Патрис Лэйк Белл — Люси Оливия Тирлби — Кейти Лудакрис — Уоллас Минди Калинг — Шира Талия Балсам — Сандра Офелия Ловибонд — Ванесса Дженнифер Ирвин — Меган Адхир Кальян — Кевин Стефани Скотт — Эмманың балалық шағы

Қызықты жағдайлар thumb|left|150px|Натали Портман thumb|150px|Эштон Кутчер Айвен Райтман — танымал голливудтық режиссер, ол «Елестерді аңдушылар», «Егіздер», «Балабақша полициясы», «Дэйв», «Джуниор», «Алты күн, жеті түн», «Эволюция» және т.б. тамаша туындыларды түсірген. Сценарийдің негізі Элизабет Меривезер мен Майкл Самонектың фильм аттас әңгімесіне арқау болды. Натали Портман онымен қоса қоюшы-продюсер ретінде болды. Бюджет — $ 25 миллион. Алғашқы уик-эндтінде кассасы $ 43 миллионнан астам жинады. Туындыны түсіруге бірнеше киностудиялар айналысты, солардың ішінде «Cold Spring Pictures» және «Paramount Pictures». Түсірілімдер Лос-Анджелес қаласында болды. Кевин Клайн «It’s Your Birthday» әнін жазып әрі орындады. Саундтрекке мынадай әндер кірді: «Untitled» D’Angelo, «Take Your Time» Эла Грина, «Bleeding Love» Леоны Льюис, «Bossa Nova Baby» Элвиса Пресли, «Ms. Jackson» Outcast, «Shake Ya Tailfeather» Nelly&P.Diddy. Алғашында сценарий «Fuck Buddies» деп аталған еді, кейіннен оны «Friends with Benefits» («Достық бойынша секс») атымен алмастырылды. Бұл нұсқа қайтадан қаралуға тура келді, өйткені бұл атаумен басты рөлде Джастин Тимберлейк пен Мила Кунис түскен («Достық бойынша секс») фильм бар болған және олда дәл сол жылы, яғни 2011 жылы шықпақшы болды.Фильм жайлы қызықты жағдайлар Сексуалды қойылымдар болғандықтан 17 жасқа дейінгі баларларға міндетті түрде ата-анасымен бірге көру керек.

Әлемдік релиз — 21 қаңтар 2011 жыл — 21 қаңтар 2011 жыл — 9 ақпан 2011 жыл — 10 ақпан 2011 жыл — 10 ақпан 2011 жыл — 11 ақпан 2011 жыл — 11 ақпан 2011 жыл — 11 ақпан 2011 жыл — 16 ақпан 2011 жыл — 17 ақпан 2011 жыл — 17 ақпан 2011 жыл — 17 ақпан 2011 жыл — 17 ақпан 2011 жыл — 17 ақпан 2011 жыл — 24 ақпан 2011 жыл — 25 ақпан 2011 жыл — 25 ақпан 2011 жыл — 25 ақпан 2011 жыл — 3 наурыз 2011 жыл — 11 наурыз 2011 жыл — 18 наурыз 2011 жыл — 25 наурыз 2011 жыл — 25 наурыз 2011 жыл — 31 наурыз 2011 жыл — 1 сәуір 2011 жыл — 15 сәуір 2011 жыл

Дереккөздер

Тағы қараңыз Сыншылардың фильмді көріп болғаннан кейінгі пікірлері Натали Портманның орыс тілді сайтындағы пікірлері

Сыртқы сілтемелер

Ресми уеб-парақшасы «Қарым-қатынассыз қатынас» — «Музыкалық шындық» газеті, № 04 от 04.03.2011

Санат:АҚШ-тың романтикалық комедиялары Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер