Ахмат футбол клубы — Ресей Премьер Лигасында, ойнайтын, Ресей футбол клубы. Грозный қаласының "Ахмат-Арена" стадионы клубтың базасы болып табылады. Бас бапкерi - Станислав Черчесов. Команда капитаны - Лечи Садулаев.
Тарихы 1946 жылы құрылды. Атауын бірнеше рет ауыстырды. 1946-48 жылдары — "Динамо", 1948-2017 жылдары "Терек", 2017 жылдан бері — Ахмат Қадыровтың атымен "Ахмат" деп аталады. 1946-1991 жылдары КСРО чемпионатында ойнады, ал 1991 жылдан бері Ресей чемпионатына қатысып келеді. 2004 жылы бірінші дивизионның чемпионы атанды. Сол маусымда Ресей кубогын ұтып алды.
Премьер-Лигадағы ең жоғары көрсеткіші — 5 орын (2017).
2001–2004 жылдары клубтың президенті — Шешен Республикасының басшысы Ахмат Қадыров. Оның ізбасары, 2004-11 жылдары клубтың президенті болған ұлы Рамзан Қадыров болды. Қазіргі президенті — Шешен Парламентінің төрағасы Магомед Хожахмедұлы Даудов.
Жетістіктері
Ұлттық Ресей чемпионаты
5-орын (1): 2017
1-дивизион
Чемпион (1): 2004 2-орын (1): 2007
2-дивизион (Батыс аймағы)
Чемпион (1): 2002
Ресей кубогы
Жеңімпаз (1): 2003/04
Ресей Суперкубогы
Финалист (1): 2005
«Терек» ойыншылары халықаралық жарыстарда жарысқатысушылар Африка Ұлттары кубогы 2006 Ларри Кингстон Еуро-2012 Мацей Рыбус
Сiлтемелер Ресми сайты
Санат:Ресей футбол клубтары