Жоба менеджменті () — ресурстарды тиісті жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау арқылы көздеген мақсаттарға жеткізуге бағытталған пән саласы. Жобаның басталу және аяқталу мерзімі белгіленіп қойылатындықтан, арнайы мақсаттарға жету жолында уақыт, қаржыландырылу т.б. жағынан шектеулерге ие болады. Жобаның мақсаты пайдалы өзгерістерге қол жеткізу немесе қосылған құн әкелуге негізделеді. Жобаның уақытшалығы оны тауар немесе қызмет көрсету мақсатында күнделікті қайталанатын, тұрақты функциялы әрекеттерден тұратын бизнестен ерекшелейді. Тәжірибе жүзінде, күнделікті бизнес пен жоба басқару жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан, олар әртүрлі техникалық қабілеттер мен басқару стратегияларын қажет етеді.
Тарихы
1990 жылға дейін құрылыс-инженерия жобаларын, әдетте, сәулетшілер, инженерлер, құрылысшылар өздері басқаратын. Бұған Витрувиус (б.з.д 1 ғасыр), Кристофер Рен (1632-1723), Томас Телфорд (1757-1834) және Исамбрад Кингдом Брунел (1806-1859) мысал бола алады. Ұйымдар кешенді инженерлік жобалар барысында жүйелі түрде жобаларды басқару құралдары мен әдістерін қолдануды шамамен 1950-жылдары бастады. Пән ретінде жоба менеджменті бірнеше салалардан бастау алады, соның қатарында құрылыс инженериясы, машина жасау саласы, ауыр қорғаныс қызметі. Жоба менеджментінің аталары Генри Гантт пен Генри Файол. Генри Гантт, жоспарлау және басқару әдістерінің атасы, Ганттдиаграммасы атты жоба менеджментіне арнап жасаған құралымен әйгілі. Генри Файол жоба және бағдарлама басқару білімінің негізі саналатын бес басқару функциясын құрды. Фойол және Гант екеуіде Фредерик Уинслоу Тэйлордың ғылыми менеджмент теориясының студенттері болған. Оның жұмысы қазіргі кезде қолданылатын жоба менеджменті құралдарының, соның ішінде ЖұмысБөлу Құрылымы (ЖБҚ) мен ресурстарды орналастыру әдістерінің бастауы болып саналады.1950- жыл қазіргі заман жоба менеджменті саналатын, негізгі инженерлік салаларды біріктіріп жұмыс жасатқан дәуіріне бастау болды. Жоба менеджменті менеджмент пәнінен туындайтын, инженерлік үлгісі бар айрықша пән ретінде таныла бастады. АҚШ-та, 1950-інші жылға дейін, жобалар көбінесе Гант диаграммасын және басқада бейресми әдістер мен құралдарды қолдану арқылы, әртүрліжағдайлар үшін өзінше басқарылды. Сол уақытта екі математикалық жоба-жоспарлау модельдер жетілдірілді. “Сыни жол әдістемесі” ДуПойнт корпорациясы мен Ремингтон рент корпорациясы арасындағы өзара бірлескен кәсіпорын негізінде зауыттың техникалық қызмет көрсету жобаларын басқару үшін жетілдірілді. Сондай-ақ “Бағдарламаны бағалау және қайта шолу техникасы” немесе ПЕРТ Құрама штаттарының флоты, локхид және Буз Аллен Хамилтон корпорациялары біріге отырып суасты зымыран жасау бағдарламасына қатысты жетілдірілді. ПЕРТ және “Сыни жол әдістемесі”тәсілдері бір-біріне ұқсас келгенімен айырмашылықтары бар.“Сыни жол әдістемесі”детерминистік қызмет уақыты болжамы бар, яғни әр әрекеттің жүзеге асырылу уақыты белгілі болған кездегі жобаларда қолданылады. ПЕРТ керісінше нақты уақыт шектеуі жоқ, яғни әрекеттің жүзеге асырылу уақыты белгісіз немесе әркелкі болған жағдайда қолданылады. Осындай түйінді айырмашылық нәтижесінде “Сыни жол әдістемесі” және ПЕРТ әр түрлі контексте пайдалынылады. Бұл математикалық әдістер көптеген кәсіпорындар арасында тез таралды. Жоба-жоспарлау модельдерін жетілдірумен қатар, жоба құнын бағалау, құн менеджменті, инженерлік экономика технологиялары Ханс Ланг және басқалардың жұмысына негізделіп дами бастады. 1956 жылы жоба менеджменті мен жоспарлау, құн есептеу, құн/жоспар бақылау (жоба бақылау) салаларына қатысты бастапқы қолданушылар бастамасымен Американдық Құн Инженерлер Қауымдастығы (қазір ИҚЖҚ, Халықаралық, Инженерлік Құн Жақсарту Қауымдастығы) құрылды. ИҚЖҚ өзінің жаңашыл жұмысын жалғастырып, 2006 жылы бағдарламалар мен жобаларды басқару үшін бірінші интеграцияланған процессшығарды (Толық Құн Менеджменті Шеңбері) . Халықаралық жоба басқару қауымдастығы (ХЖБҚ) бірнеше ұлттық жоба басқару бірлестіктерінің федерациясы ретінде, 1967 жылыЕуропада құрылды. Бүгінгі күнде ХЖБҚ федералдық құрылымын сақтап, Антарктидадан басқа құрлықтарда бірлестіктер мүшелік етеді. ХЖБҚ төрт деңгейлі сертификаттау бағдарламасын ХЖБҚ құзірет негіздеу ХҚН негізінде ұсынады. ХҚН техникалық, конткесттік және тәртіптік құзыреттерді қамтиды. 1969 жылы Жоба Менеджменті институты (ЖМИ) АҚШ-та құрылды. ЖМИ Жоба Менеджменті “A Guide to the Project Management Body of Knowledge” (PMBOK Guide)атты кітап басып шығарды. Бұл кітапта жоба менеджментіне қатысты жалпы тәжірибеде қолданылатын тәсілдемелер мен әдістемелер жинақталған. ЖМИ сонымен қатар бірнеше сертификаттар ұсынады.
Тәсілдемелері
Жоба басқарудың бірнеше тәсілдемелері бар, соның ішінде үнемді, қайталанбалы, үдемелі және кезеңді (phased) тәсілдемелер. Жұмыс әдіснамасына қарамастан, жалпы жоба міндеттеріне, жобаның орындалу мерзімі мен құнына, сондай-ақ барлық қатысушылар мен мүдделі тараптардың (акционерлердің) атқаратын рөлдері мен міндеттеріне мұқият назар аударылуы қажет.
Шектеулердің классикалық үштүрлілігі
Жоба менеджментінің маңыздылығы
Жетіліп келе жатқан технологиялар мен халықаралық бәсекелестіктің артуы нәтижесінде көптеген компаниялар ұйымдастырушылық қызметін топтау және интеграциялау мақсатында жақсы әдістер ізденуде. Жоба менеджменті бұдан былай арнайықажеттілік кезінде қолданылатын басқару түрі емес. Ол өте тез бизнес жүргізудің стандартты жолына айналуда. Қарапайым фирмаларда жобалар үлесі өсуде. Болашақта жобалардың ұйымдардың стратегиялық бағытына ықпал ететіні және маңыздылығы одан әрі артады деп болжанады. Жоба маңыздылығының себептері төменде көрсетілген.
• Өнімнің өмірлік циклінің қысқаруы Жоба менеджментіне сұраныстың артуының басты себептерінің – бірі өнімнің өмірлік циклінің қысқаруында. Мәселен, қазіргі кезде жоғары технологиялық салаларда өнімнің өмірлік циклі шамамен 1 жылдан 1,5 жылға дейін.Бұдан 30 жыл бұрын ғана 20 жылдан 25 жылға дейін жететін өмірлік циклдер сирек емес еді. Жаңа өнімнің қысқа өмірлік циклі нарықта уақыт өткен сайын маңызды болып отыр. Әлемдегі империкалық жалпы ережесі бойынша жоғары технологиялық өнімді нарыққа шығаруды 6 айға кейінге қалдыру өнімнің әкелетін табыс үлесінің 33 пайызға қысқаруына әкеледі. Сондықтан, жылдамдық бәсекелестікте артықшылық болып табылады. Жаңа тауарды неғұрлым тезірек нарыққа әкелу көптеген ұйымдардың жобаны іске асыруда басты мақсаттарының біріне айналуда.
• Білім Жарылысы (Knowledge Explosion) Жаңа білім көлемінің өсуі жобалардың күрделінуіне әкеледі, өйткені жобалар соңғы жетістіктерге сай болуы тиіс. Мысалы, 30 жыл бұрын жолды салу қарапайым процесс болды. Бүгінде, әрбір саланың күрделілігі өсуде, соның ішінде материалдар, техникалық сипаттамалар, кодтар, эстетика, құрал-жабдықтар мен мамандар. Сол сияқты, бүгінгі сандық, электронды ғасырда бірде болса да, микрочиптен тұрмайтын жаңа өнімді кездестіру қиын. Өнімнің күрделілігі бір-бірінен алшақ технологиялардың бірігуіне сұранысты өсіруде. Жоба менеджменті бұл қажеттілікті шешетін маңызды пәнге айналды.
• Үш астыңғы сызық: планета, адам, пайда (Triple bottom line) Жаһандық жылыну қаупі тұрақты бизнес тәжірибесіне алып келді. Енді бизнес қоршаған орта мен қоғамды ойламастан тек қана пайданы арттыру мақсатында ғана орындалмайды. Тиімді жоба менеджменті арқылы ғана көміртектің ізін азайту менжаңартылатын ресурстарды пайдалануды іске асыру мүмкін. Осы қозғалыстың әсерін жобаны іске асыру кезінде қолданылатын мақсаттар мен әдістерден байқауға болады.
• Тұтынушы назарының өсуі Бәсекелестіктің өсуі тұтынушыны қанағаттандыру үшін сыйақы белгілейді. Тұтынушылар енді брендтелмеген қарапайым тауарларға қанағаттанбайды. Олар нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында теңшелген тауарлар мен қызмет көрсетулерді талап етеді. Бұл мандат ұсынушы мен қабылдаушы арасында әлдеқайда тығыз жұмыс бабындағы қарым-қатынастарды талап етеді. Есеп басшылары мен сату өкілдері көбінесе клиенттің қажеттіліктері мен сұранысын қанағаттандыру мақсатында жоба менеджері ретінде жұмыс жасайды. Тұтынушы назарының өсуі сонымен қатар теңшелген өнімдер мен қызмет көрсетулерді дамытуға итермелейді. Мысалы, 10 жыл бұрын гольф клубын таңдау салыстырмалы түрде қарапайым процесс болды: бағасы мен қаншалықты ұнамды екеніне байланысты таңдалды. Қазір ұзын ойыншыларға, қысқа ойыншыларға арналған клубтар, жоғарғы технологияларға сәйкес клубтар тағыда сол сияқты клубтар бар. Жоба менеджменті теңшелген өнімдер мен қызмет көрсетулерді дамыту мен клиенттермен табысты қарым-қатынас орнатуда маңызды болып табылады.
• Шағын жобалар үлкен проблемалар көзі
Жылдам өзгерістер бәсекеге қабілетті болуды немесе ең кемінде қалыспауды қажет еткендіктен, бір ұйымның ішінде жүздеген жобалар бір мезгілде жүргізіледі. Бұл бірнешежобалықты құрайды, соған қоса көптеген жаңа проблемаларға әкеп соқтырады. Әртүрлі жобалардың портфелдерін қарастыра отырып, ресурстарды бөлісу және басым жобаларды анықтау жоба менеджменті кезінде басты қиыншылық болып есептеледі. Көптеген фирмалар шағын жобалардың тиімсіз орындалуы қаншалықты проблемаларға әкелетінінен әлі де толықтай бейхабар. Әдетте шағын жобалар үлкен жобалар сияқты немесе оданда үлкен тәуекелді білдіреді. Шағын жобалар салыстырмалы түрде тапшы ресурстар мен қаражаттты аз мөлшерде талап еткендіктен, шағын жоба әсері төмен деп есептеу қабылданған. Көптеген шағын жобалар бір уақытта жүргізілгендіктен және әсер ету деңгейі төмен болғандықтан, әдетте осындай шағын жобалардың тиімділігі есептелмейді. Өкінішке орай, уақыт өте келе бірнеше шағын жобаларға жұмсалған қаражаттар қосылып қомақты соманы құрайды. Көптеген миллиондар және клиенттер жылсайын шағын жобалардың әсерінен босқа жоғалады. Шағын жобалар есептеу жүйесінде өлшенбейтін шығындарды білдіреді. Бір мезгілде бірнеше шағын жобаларды жүргізетін ұйымдар ең қиын жоба менеджментіндегі мәселелерімен бетпе-бет келеді. Осыдан бірнешежобалық менеджментті қолдайтын ұйым ішіндегі ортаны қалай құруға болады деген сұрақ туындайды. Керек процесс ол ұйым миссиясын қолдайтын жобаларды басымдылығы бойынша қарастыру және дамыту.
Жобаларды менеджменті мақсаттары мен сәттілігі
Жоба мақсатын анықтау кезінде келесі элементтер ойластырылуы қажет: • Негіздеу барысындағы қажеттіліктерге сәйкестігі; • Жобаны іске асыру мерзіміне сәйкес оған жету тарапынан айқындылығы; • Клиенттердің қызығушылықтарының нақты анықталуы; • Нақтылық деңгейі • Іске асырылуы • Күтілетін нәтижелермен тығыз байланысы
Міндеттер – қойылған мақсатқа жету үшін мәселе тудырып отырған себептерді жоюға бағытталған, бағалауға жататын, нақты іс-шаралар қатары. Міндеттер: нақты (не және қашан), өлшенетін (қанша), қол жеткізе алатындай (нақты) болуы тиіс. Басқару тәжірибесінде - SMART деп аталатын өлшемдер пайдаланылады.
SMART дегеніміз қысқарған сөз, ағылшын сөздерінің бірінші әріптерінен құралған: Specific – Конкретный - нақты Measurable – Измеряемый - өлшеулі Attainable – Достижимый - қол жетімді Realistic – реалистичный- жағдайға сай Time- bound – Имеюший временные рамки – шектеулі, мерзімді
Логикалық модель жоба мақсаттарының, қызмет түрлерінің жобалануының, сондай-ақ күтілетін өзгерістер мен нәтижелердің өзара қарым қатынасының жүйелі және көрнекті құралы болып табылады. Логикалық модель жобаның қалай жүзеге асатындығының көрінісін ұсынады. Онда жоба қызметі күтілетін нәтижеге қалай алып баратындығы сөзбен суреттеледі. Логикалық модельдің мақсаты - жобаға сай іс-әрекеттердің реттілігін сипаттайтын және ойластырылған жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелерді байланыстыратын тірек – сызбамен барлық қызығушылық танытқан жақтарды қамтамасыз ету. Осындай реттілікпен жасалған логикалық модель алға қойылған мақсаттарға жету үшін нақтылы іс-әрекеттердің қалай септігін тигізетінін түсінуге және болашақта ұсынылған жобаны қайтадан оңтайландыруға болатындығына көмектеседі.
Жоба менеджері