нобай
thumb|200px|HTC Dream (T-Mobile G1) — Android ОС базасында жұмыс жасайтын тұңғыш смартфон thumb|200px|Эмулятордағы Android 1.5 ОС жұмыс үстелі Android — ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған.
Алғашында Android Inc. компаниясы жасаған, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Google Android платформасын ары қарай қолдау және дамыту мақсатында Open Handset Alliance (OHA) альянсын құрды. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.
Жаңалану тарихы 2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. 2020 жылға дейін әр нұсқаның өзінше кодталған есім болды. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі. Android Q 10 соңғы атауында әрібі бар андроид ОЖ - нің нұсқасы болды.
Қазіргі таңда операциялық жүйенің 11 толық нұсқасы(толық және қосымша нұсқаларды қосқанда барлығы 56 нұсқа) шығып үлгерді және жыл сайын жаңа нұсқасы шығады. Соңғы нұсқасы — 11 Android.https://www.android.com/android-11/.
Даму тарихы 2005 жыл шілде — Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды. нобай|солға|Android OS 2007 жыл 5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады. 12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды. 2008 жыл 18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады. 23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды. SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты. 2009 жыл 30 сәуір — жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты. 15 қыркүйек — Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты. 26 қазан — Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты. 3 желтоқсан — Android 2.0.1 нұсқасы шықты. 2010 жыл 12 қаңтар — Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған. мамыр — Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты. жетоқсан — Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты. 2011 жыл 22 ақпан — Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты. 15 тамыз — Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды. 9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады. 19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.
Сын-пікір Android-тың 1.6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, C/С++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады. Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін). Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған келісім-шартқа отыру керек.Конфликт между сообществом разработчиков Android и Google / Android / Хабрахабр
Абырой-атақ Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б. Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады. iOS пен Windows Phone 7-ке қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар. Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.
Жүлдерлер мен жетістіктері PC Magazine баспасы Android 4.0 Ice Cream Sandwich операциялық жүйесін «Редакция қалауы» аты жүлдемен марапаттады, олардың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айырмашылықты кетірген.
2012 жылдың маусым айында «Ведомости» газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті компьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрылығыларын шығаруды кешеуілдетуі мен «Android» құрылғылары анағұрлым қолжетімді болуынан.http://www.vedomosti.ru/tech/news/1531036/ipad_i_android_podelili_rossiyu
Android 4.0 Ice Cream Sandwich 2012 User Experience Awards-да үздік платформа болғаны үшін «алтын» алды.http://userexperienceawards.com/uxa2012/
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайт Google groups «android-developers» Android apps developer site — Google Code-тағы android-жасаушылардың сайттары.
Мақалалар Google Android — алғашқы қадамдары 3DNews Google Android — алғашқы құрылғы және Android Market-тің іске қосылуы 3DNews Google Android — 2009 жыл құрылғыларының буыны 3DNews Google Android — жақын қашықтықтағы нысана құрылғысы 3DNews Google Android — мобилді құрылғылар нарығындағы таралымы 3DNews
Санат:Google бағдарламалары Санат:Android Санат:Смартфондар