Астурия немесе Астуриялық княздік (, ) —автономды бірлестік және Испания солтүстігіндегі аудан. Бискай шығанағының жағалауында орналасқан. Батысында Галисиямен, шығысында Кантабриямен, оңтүстігінде Кастилия және Леонмен шектеседі. Княжество атауының себебі, Испания тағы мұрагерлікпен астуриялық ханзадаға берілуі мүмкін. Әкімшілік орталығы - Овьедо. Ірі қаласы - Хихон. Ауданда өзінің тілі қолданылады - Астуриялық тіл, бірақ бұл тілдің ресми статусы жоқ.
География Территория 10 603,57 км² (елдің автономды бірлестіктері ішіндегі жер аумағы бойынша 10-шы орында). Аудан территориясымен Кантабрий таулары өтеді.
Территорияның шығысында биіктігі 2648 метрге көтерілетін таулары бар ұлттық паркі орналасқан. Кантабрий таулары таудың басына өрмелеп шығуға, сайрандауға, шаңғы тебуге өте ыңғайлы. Жағалық сызығы ұзын, жүздеген жағажайы, айлақтары және табиғи үңгірлері бар. Астурияның жағажайларының көбісі құмды. Астурия «жасыл Испания» деп аталатын жерде орналасқан. Астурияның өсімдіктер дүниесі алуан түрлі. Негізгі ағаштар түрі емен, шамшат, шілік. Таулы жерлерде талшын ағашы да кездеседі. Астурияда 4 биосфералық қорығы, 5 ұлттық паркі, 10 табиғи қорығы, 10 табиғи территориясы және 35 табиғат ескерткіштері бар. Бұл табиғи желі ауданның жер аумағы бойынша үштен бір бөлігін құрайды. Sistema de información ambiental del Principado de Asturias(SIAPA)
Климат
Астурия климаты, елдің басқа да солтүстік-батыс бөлігі сияқты оңтүстік бөлігіне қарағанда алуан түрлі. Климаты мұхиттық, жыл бойы жауын-шашын мол жауады. Жазы ылғалды, жылы. Қысы суық, әсіресе тауда, мұнда қар қазаннан мамырға дейін жатуы мүмкін. Жауын-шашын мен қар астуриялық қыстың өзіндік ерекшелігі. Бірақ жазда да, қаста да ауа температурасы бір қалыпты
Климаттық рекордтар Температуралық максимум: 36,4 °C (19 маусым 1998 жылы Хихонда және 7 қыркүйек 1988 жылы Овьедода) Температуралық минимум: −10,4 °C (3 ақпан 1902 ж. Овьедода) Күніне максималды жауын-шашынның түсуі: 149,6 мм. (26 қыркүйек 1987 жылы Хихонда) Айына максималды жауын-шашынның түсуі: 387,2 мм. (Қазан 1992 жылы, Астурия әуежайы) Желдің максималды жылдамдығы: 190 км/сағ. (Қараша 1978 жылы Овьедода) Бір айдағы максималды жауын-шашын мөлшері: 29 (қазан 1972 жылы Хихонда) Бір айдағы максималды түскен қардың мөлшері: 8 (қаңтар 1985 жылы в Хихонда)
Дерек көзі Ұлттық метеорологиялық институт. Институт тек Хихон, Овьедо және Астурия әуежайындағы мағлұматтарды ұсынады.
Гидрография Астуриялық өзендер қысқа, бірақ саны көп. Олар терең алқаптар арқылы Бискай шығанағына оңтүстіктен солтүстікке ағады. Өзендердің көбісі элетр энергиясын алу үшін қолданылады.
Тарихы 300px|right|thumb|Ховельяностың портреті Гойяның жұмысы. 1798 жыл, Прадо Мұражайы
Адамдар қазіргі Астурия жерін төменгі палеолит уақытынан бері қоныстанып келеді. Жартастағы суреттердің жасы 30000 жылға жуық. Қола дәуірінде бұл жерлерде мегалиттер мен қорғандар салынған болатын. Темір дәуірінде Астурия территориясы кельттердің мәдениетті ықпалында болды. Астурия атының өзі келттік астурлар тайпасынан шыққан. Бүгінгі таңда кельттердің мәдени ықпалы географиялық өзен мен таулардың аттарында сақталып отыр.
Астурия территориясы б.з.б 29-19 жылдары Октавиан Август имперлаторлық еткен кезде Рим империясымен жауланып алынған болатын. Рим империясының құлауынан кейін бұл территория б.з. VI ғасырда Свевтармен және Вестготтар тайпаларымен жаулап алынған және осы тайпалардың ықпалында VIII ғасырдың басында арабтармен жауланғанға дейін болған.Бірақ арабтарға тауларда соғысу оңайға түскен жоқ. Сондықтан Испанияның солтүстік жағалауы ешқашан мұсылмандық Испанияның бөлігі болған жоқ. Керісінше VIII ғасырдағы араб басқыншылығы басталған кезде, бұл территория християндық ақсүйектердің баспанасына айналған, ал 711 жылы тәуелсіз Астурия Корольдігі пайда болды
Корлольдік Астурия болып 924 жылға дейін белгілі болатын, кейін ол Леон корольдігі болып аталды.
Леон Корольдігі өз кезегінде 1230 жылы Кастилия және Леон Корольдігі болып қосылып кетті.
XIV ғасырдағы Энрике II көтерілісі нәтижесінде Астурия княздігі пайда болды. Бірақ бірқатар ұтыстарға қарамастан, соңыра кастильдік жаунгерлер өзіне бұл территорияны қайтарып алды. XVI ғасырда адам саны 100000 жетті, ал бір ғасыр ішінде америкалық жүгерінің өсірудің арқасында екі еселенді.
XVIII ғасырда Астурия испандық ағарту ісінің орталықтарының бірі болды. Ағарту ісінің дәуірінің қоғам қайраткері, жазушысы, заңгер, экономист Гаспар Мельчор де Ховельянос Хихон қаласында туды.
Өнеркәсіптік революция Астурияда XVIII ғасырдың 30-ы жалдары, көмір мен темірдің жүйелік қолданысы табылғаннан кейін басталды. Осы уақытта Америкаға қоныс аудару да басталды (атап айтқанда Аргентинаға, Уругвайға, Пуэрто-Рикоға, Куба және Мексикаға). Шетелде табысты болған адамдар отанына бай болып қайтып оралатын. Осы бай отбасылардың мұрасын қазір де көруге болады, аудан бойынша олардың виллалары көптеп салынған болатын.
Астурияда болған оқиғалар ақырында Испанияда болған азамат соғысының басталуына әсерін тигізді. 1934 жылы жұмысшылардың марксистік қозғалысы 1932 – 1933 жылдары басталған реформалардың жалғасуы үшін соғысты және Испания үкіметіне консерваторлық партиялардың өкілдерінің министр ретінде келуіне қарсы болды. 1934 жылы Астурияда 5 қазан күні болған көтерілістен кейін «жұмысшы-шаруа республикасы» жарияланды. Франсиско Франконың қол астында болған, көтерілісті басу үшін арналған әскер Мароккодан екі әкелінген болатын, екі апта соғыстан кейін көтерілісшілер қаруларын тастады. 1937 жылы Астурия территориясы азамат соғысы барысында көтерілісшілер әскерімен басып алынды. Республиканың толық жеңілісінен кейін және Франконың диктатурасы орнағаннан кейін Астурия «Овьедо ауданы» болып атанды. Княздіктің аты мен статусы тек 1977 жылы Испанияда демократияның қалпына келуінен кейін қайтарылды.
1982 жылы Астурия автономды бірлестік болды. Астуриялық аймақтық үкімет денсаулық сақтау, білім беру және қоршаған ортаны сақтау салаларында талассыз билікке ие.
Халқы Халқы — 1 085 289 (13 орын; 2009 ж.).
Астурияның қала халқының сандық өсуі 1991 жылдан бастап тоқтады. Сол кезден бастап халық санының кенеттен өсуі және төмендеуі орын алды, бірақ жалпы тұрақты болып қала берді. Бұл деректі келесі демографиялық факторлармен түсіндіруге болады: Астурияның Испания бойынша адам өлімі саны ең жоғарғы көрсеткіке ие (1000 адамға 11,77 өлім) және төмен туылу деңгейі (1000 адамға 6,91 туылу) Қала халқының басқа аудандарға көшуі, атап айтқанда Мадрид, Кастилия және Леонға.
Астуриялық княздігінің адам саны графигі Дерек көз: Испанияның ұлттық статистика институты.Instituto Nacional de Estadística de España
Ірі қалалары ОрныАтыТұрғын саныОрныАтыТұрғын саны+ Астурияның 20 ең ірі қалалары:1Хихон264 09311Pola de Laviana8 8872Овьедо189 76812Pola de Lena8 6803Авилес79 32013Las Vegas7 5274Лангрео40 03914Градо7 4615Mieres24 89015Candás6 8366Сан-Мартин-дель-Рей-Аурелио14 30816Кангас-дель-Нарсеа6 5827La Corredoria14 16317Вильявисьоса6 0438 Lugones12 49518Luanco5 3519Pola de Siero12 18519Норения5 33210Piedras Blancas9 54420Правиа5 243Дерек көз: Испанияның ұлттық статистика институты 2009
20 қаланың ішіндегі 17-і өздерінің муниципалитеттерінің астанасы. Lugones және Las Vegas қалаларында миниципалитеттерінің астаналарына қарағанда халқы көбірек. Ал La Corredoria қаласы халқы санынан Овьедодан кейін 2-ші орындағы қала.
Саясаты Астурия княздігінің саясатты жүйесі және құрылымы, 1982 жылдың 30 қаңтарынан бастап күшке енген заңмен реттеледі. Заңмен сәйкес Астурия княздігінің басқару органдары үшке бөлінеді: Жалпы жиналыс, басқару кеңесі және президент. Жалпы жиналыс Астуриялық қалалардың және үкіметтің басшысы атынан үкім қабылдайтын заң шығарушы орган.
Жалпы жиналыс Астуриялық қалалардың өкілдерінен құралады. Оның міндеті: Қалалардың бюджетін бекіту. Басқару кеңесінің ісіне басшылық ету және бақылау.
Кеңес 4 жылға дауыс беру арқылы пропорционалды сайлау жүйесімен сәйкес сайланатын 45 депутаттан тұрады.
Жалпы жиналыстың сайлауларының нәтижелері: Partido 1983 1987 1991 1995 1999 2003 2007 PSOE 26 20 21 17 24 22 21 PP 14 13 15 21 15 19 20 IU 5 4 6 6 3 4 4 CDS 8 2 CA 1 URAS/PAS 1 3 0 0 Total 45 45 45 45 45 45 45http://www.mir.es Ministerio del Interiorhttp://www.facc.info Federación Asturiana de Concejos
Астурия президенттерінің тізімі Nº Аты Билік уақытының басы Билік уақытының соңы Партиясы 1. Rafael Fernández Álvarez 1978 1983 FSA-PSOE 2. Pedro Cienfuegos-Jovellanos 1983 1991 FSA-PSOE 3. Juan Luis Rodríguez-Vigil 1991 1993 FSA-PSOE 4. Antonio Trevín Lombán 1993 1995 FSA-PSOE 5. Sergio Marqués Fernández 1995 1999 PP/URAS 6. Vicente Álvarez Areces 1999 2011 FSA-PSOE 7. Francisco Álvarez-Cascos Fernández 2011 осы күнге шейін FAC
Административті құрылым thumb|left|300px|Астурия Комаркалары
right|300px|thumb|Астурияның сотты аймақтары left|thumb|300px|Астурияның сайлау бөлімдері Астурия княздігі 78 қауымға бөлінген, олардың заңды статустары муниципалитеттердікімен тең. Тағы, заңды түрде бекітілмеген комаркаларға бөліну орын алады.
Заңның көзқарасы бойынша Астурия, әрқайсысының астанасындағы бірінші дәрежелі соттарымен, 18 соттық ауданға бөлінген.
Сайлау үшін Астурия 3 сайлау бөлімшесіне бөлінген: батыс, орталық және шығыс. Орталыққа ең көп адам саны тиесілі.
Экономика thumb|right|мыс кен орынының ашылуы (1940 жыл) Ғасырлар бойы Астурияның экономикалық негізі ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы болатын. Бұл аймаққа сүт және сүт өнімдерін дайындау дәстүрлі түрде дамыған. Бірақ оның қатты дамуы 1960 жылдардың соңында экономикалық тұрғыда үлкен қосымша қиындықтар туғызды. Аймақтың қазірі жағдайларында негізгі өнеркәсібі көмір және болат өндіру болды. Франконың диктатурасы кезінде аймақ Испанияның металлургиялық өнеркәсіптің орталығына айналды. Кейін мемлекеттік металлургиялық компаниялары қазіргі ArcelorMittal-дың бөлімі Arcelor-мен жарым-жартылай жекешелендірілді. Өнеркәсіп көптеген жұмыс орындарын құрды, осының арқасында Испанияның басқа аудандарынан (атап айтқанда Эстремадура, Андалусия, Кастилия және Леон) көптеген қоныс аудару орын алды.
Қазір, қара металлургия тау-кен өндірісі сияқты бәсеңдеуде, себебі бұл өңірде көмір өндіру басқа аймақтармен салыстырғанда қымбатырақ түсуі. Ауданның экономикалық дамуы Испания бойынша орташадан төмен, дегенімен соңғы жалдары қызмет көрсету аясы Астуриядағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпалын тигізді.
1986 жылы Астурия еуро одақтың инвестициясы жол салу және басқа да маңызды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалып жатыр. Сонда да ақшаның дұрыс жұмсалуына қатысты келіспеушілік бар. Мысалы, Шахтерлердің зейнетақысына.
Астурияның 2008 жылы 1 адамға шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші € 22,640 немесе Еуропа бойынша орташадан (€ 25.100) 90,2 %-ы құрайды. Бұл көрсеткіш ауданға байлығы бойынша тек 12-і орынға ие болуға мүмкіндік береді. 1970-1980 жылдары бұл көрсеткіш Астурияның Оңтүстік Еуропадағы экономикасы ең жоғарғы аудандарының қатарына кіруге мүмкіндік берген. 2008 жылы экономикалық даму деңгейі 0,82 % құрады. Бұл Испания бойынша ең төмен көрсеткіш. Жақсы жағына, тек Испания бойынша ғана емес бүкіл Еуропа бойынша орташа көрсеткіштен төмен жұмыссыздықтың деңгейін 8,43 %-ы жатқызуға болады.
Астурияда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың орталығы орналасқан. CTIC Бұл коммерциялық емес мекеме, The Web Accessibility (веб-сайттарды тегін тексеру құралы) Test өндіру арқылы танымал.TAW
Экономикалық мағлұматтар ЖІӨ: 19609974 мың еуро адам басына шаққандағы ЖІӨ: 18533 еуро Халқының өсу қарқыны: 2,9 % Фирмалар саны: 70115 Жалданбалы жұмысшыларсыз Компаниялар: 51,95 % Микрокәсіпорын: 43,17 % Шағын бизнес: 4,22 % Орта бизнес: 0,53 % Үлкен компаниялар: 0,13 %
Мәдениет
Cәулет өнер thumb|250px|San Julián de los Prados, Овьедо. right|thumb|250px|Амбар «Оррео».
Астурия бай сәулет-өнер мұрасына ие. Санта Мариа дель Наранко, Санта Кристина де Лена, Сан Мигель де Лильо секілді сәулет-өнер ескерткіштері Рамиро I и Сан Хулиан де лос Прадос во времена Альфонсо II кездерінде, римге дейінгі стильде орындалған.