Жақсы Қоянды – Ерейментау тауларының батысында орналасқан тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Целиноград ауданы жерінде, Сілеті өзенінің оң жағалауында, Софиевка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 452 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Солтүстік-шығысындағы 375 м-лік төбемен Красная Круча сайы арқылы бөлінеді.

Геологиялық құрылымы Жоғарғы кембрий және кембрийге дейінгі кезеңде түзілген тау жыныстарынан тұрады.

Өсімдігі Қою күлгін және сортаң топырақтарында жусанды, дәнді өсімдіктер өседі. Мал шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Целиноград ауданы таулары