Жалаулы – Тарбағатай жотасының орталық бөлігіндегі тау басы.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 2992 м. Беткейлері тік, құз-жартасты. Тау басында мұз басу болмаған, жаз айларында аздаған қар жатады. Жалаулыдан Мақаншы өзені бастау алады. Тау басы және оның биіктеу аңғарлары шалғынды.‎

Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, диабаз, туф жыныстарынан түзілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары