Жалпақсор – Кіші Борсық құмының солтүстігіндегі ойыс.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде.

Жер бедері, өсімдігі Ұзындығы 35 км, ені 20 км-ге жуық, теңіз деңгейінен 67 – 70 м биіктікте жатыр. Сор және сортаң қоңыр топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, бұзаубас сораң, сарсазан, сары қаңбақ, ақтікен, кермек, қара жусан сияқты сораң шөптер өседі.Қазақ энциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ойпаттары Санат:Ақтөбе облысы географиясы