Жаманжол – Байқара тауының батысындағы төбе.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының батысында 42 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 419 м.

Жер бедері Төбенің пішіні оқшауланған дөңгелек тәрізді. Ұзындығы 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Батысынан Қаратал құрғақ арнасымен, солтүстігінде Сорбұлақ құдығымен, оңтүстігі мен шығысы тегіс тақырлы жазықтарға ұласады.

Өсімдігі Сортаңды топырақ жамылғысында сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өседі.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары