Жамансай – Талдысай өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Егіндікөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігімен ағады. Ұзындығы 35 км.
Бастауы Бастауын Бесбидайық темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жердегі Бауман ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерден алады. Төмендігі ағысында Ащылысай өзеніне оң жағынан құяды. Одан басқа Жамансайдың жалпы ұзындығы 28 километр болатын ұсақ 6 саласы бар.
Өсімдігі Аңғарында бұта аралас сұлыбасты бетегелі өсімдіктермен қатар бұта шоғырлары да кездеседі.
Гидрологиясы Суы қараша айында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде мұзы түседі. Қыста мұз түбіне дейін қатады. Қар, жер асты суларымен толығады. Шілде айының ортасында Жамансайды, қамыс шоғырлары басып қарасуларға бөлініп қалады. Жайылмасында шабындығы мол. Суын жайылымдарды суландыруға пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Егіндікөл ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы