Жамантұз — Қостанай облысы Жангелді ауданы Көкалат ауылынан оңтүстікке қарай 17 км жердегі тұйық көл. Торғай өзені алабында. Теңіз деңгейінен 111 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 4,8 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 12,5 км. Негізінен қар және жаңбыр суларымен толығып, жазда тартылып қалады. Суы ащы. Көл жағалауында қамыс, қоға, жусан, т.б. сор өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы