Жаржалтыркөл – Тобыл алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Фёдоров ауданы Андреевка ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 187 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 6 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 8,2 км. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұзды. Оңтүстік жағында Ұзынкөл көлі орналасқан. Мал шаруашылығына пайдаланылады.
Санат:Фёдоров ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы