Жарықтау – Жарық және Көлденеңтемір өзендері аралығындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының солтүстік-батысында орналасқан.

Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған суайрық жотаның абсолюттік биіктігі 346 м, ұзындығы 30 км, ені 10 км-дей. Таудың әктасты конгломераттан түзілген жыныстарын сұр түсті саз балшық пен глауконитті құм жауып жатыр. Беткейі сай-жыралармен тілімденген.

Өсімдігі Қара қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, жусан, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары