Жауыртоғай – Қарқаралының шығыс сілеміндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан оңтүстікте 4 км жерде орналасқан. Бір-бірінен оқшауланған бірнеше аласа төбелерден тұрады.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Батыстан шығысқа қарай 9 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр, ең биік жері 1113 м. Девон жыныстарынан түзілген. Таудың қара топырағы тараған түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады.

Өсімдігі Солтүстік және оңтүстік беткейлерінде қарағай, қарағайлы қайың ормандар мен тал қопалары кездеседі. Жауырторғайдың тауаралық аңғарында Үлкен көлінің жағасында «Қарқаралы» туристік базасы орналасқан.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары