Желтау – Мұғалжар тауының қиыр оңтүстік-батысындағы оқшау тау сілемі.
Географиялық орны Атырау облысының Жылыой ауданы жерінде, Солтүстік Үстірт маңындағы Доңызтау тауының батысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 221 м, ұзындығы 45 км, енді жері 12 км шамасында.
Геологиялық құрылымы Желтау төменгі төрттік және жоғарғы миоцен дәуірінің оолитті әктастарынан түзілген.
Жер бедері Солтүстік шеткейі тіктеу келген, оңтүстігі көлбеуленіп біртіндеп жазыққа ұласады. Сай-жыралармен тілімденген оңтүстігінде Тұрсынбай тоғаны жатыр. Тоғаннан және тау етегінен Жақсы Қарасай өзені бастау алады.
Өсімдігі Сортаңды сұр топырағында жусан, сарсазан, баялыш, қара сексеуіл өседі. Желтау баурайы маусымдық мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы,3 том
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы таулары