Жиренайғыр – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 133 км, су жиналатын алабы 1130 км2.

Бастауы Бастауын Жетіжол жотасының солтүстік беткейінен алып, Жиренайғыр темір жол бекетінің солтүстігіндегі (6 км) Қопа өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы тар, жағасы – тік жарлы. Қар және мұздық суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,43 м3/с. Басты салалары Қастек, Самсы, Шиенhttp://verum.icu/index.php?claster=rpv&q=1322000942. Бау-бақша, егін суғаруға пайдаланылады."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Іле су алабы Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері