Жуантөбе – Қалба жотасының орта тұсындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданының солтүстігінде, Қызылсу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 798 м.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозойдың метаморфталған жыныстарынан түзілген.
Жер бедері, өсімдігі Енсіз келген Жуантөбенің солтүстік беткейі тіктеу келген, оңтүстік беткейі сай-жыралармен тілімденіп, төбелі жазыққа ұласады. Оңтүстік беткейіндегі бірнеше бұлақтан Шар өзенінің саласы Жарлы өзені бастау алады. Етегінде бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Таудың етегінде бірнеше қыстаулар бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары