Жұмыртқалы – Ойыл алабындағы көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жерінде орналасқан.

Гидрографикасы, сипаты Аумағы 3,4 км2, ұзындығы 3,6 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 10 км. Суы қарашада қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Жаз айларында тартылып қалады. Маңында сор басқан жерлер кездеседі.Көл жағасында құстар ұялап, жұмыртқа салады. Мал жайылымына қолайлы.

Санат:Ойыл ауданы көлдері Санат:Ойыл су алабы