thumb| alt=A.| Жүргеніш. Жүргеніш, клайтония (Claytonіa) – қараоттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауының тасты, жартасты беткейлерінде, тастақты және мүкті-қыналы жерлерінде, қарлы мұздықтарда өсетін 1 түрі – Иоан Жүргеніші (С. joanneana) бар. Биіктігі 7 – 25 см, жуан тамырлы өсімдік. Сабағы бірнешеу. Жапырақтары ұзынша, сабақ бойындағылары отырыңқы, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос жынысты, бір үйлі, боз қызғылт түсті, сабақ ұшында жетіледі. Шашыраңқы шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды көлденеңінен ашылатын қорапша. Тұқымы қара түсті, құрамында белок көп.

Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"

Санат:Қараоттар Санат:Қазақстан флорасы