Жыланды, Серікбай – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 2800 км2.

Бастауы Бастауын Жаманқотыр тауының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Қарағансай қонысы тұсында Қаракеңгір өзеніне құяды.

Гидрологиясы Көктемде қар ерігенде тасиды, жазда кішігірім қарасуларға бөлініп қалады. Аудан шаруашылықтары өзенді мал суаруға, жайылмасын шабындыққа пайдаланады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы