Жыңғылдыөзексор – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында орналасқан тұзды тұйық көл. Торғай өзені алабында Жайсаңбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде.

Гидрографикасы Аумағы 12,3 км2, ұзындығы 5 км, ені 1 км, жағалау бойының ұзындығы 13 км. Сілтілігі орташа. Суы қарашаның аяғында қатып, наурыздың аяғында ери бастайды.

Жағалау сипаты Шығысында Құрдым көлі, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін сор басқан. Жағасында Төрткүл, Өсербай қыстаулары орналасқан. Мал шаруашылығына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы көлдерi Санат:Ырғыз су алабы