Жіңішкесор — Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы Май ауылынан солтүстік-батысқа қарай 52 км жерде, Қарасор көлінің оңтүстігінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 141 м биіктікте. Батысында Ақмола қыстауы бар.
Гидрографикасы Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,6 км. Жағалау бойының ұзындығы 11,4 км. Солтүстік-шығысында Жамантұз көлі орналасқан. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Жағалауы жайпақ. Тұздылығы жоғары, сілтілігі орташа.
Санат:Май ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы