Зорқара – Сарыесікатырау құмының батысында, Ортакөкдомбақ төбесінің оңтүстік-батысындағы төбе.
Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылының оңтүстігінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 377 м. Іле өзенінің аңғарында оқшауланған төбе солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 500 м. Маңында әр түрлі тереңдікте тұщы жер асты сулары кездеседі.
Геологиялық құрылымы Жоғарғы төрттік кезеңінің құм, құмдауытты жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Өсімдікпен жақсы бекіген Зорқарада ақсексеуіл, теріскен, жусан, еркек шөп, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Балқаш ауданы таулары Санат:Төбелер