Кедейдектау – Қантөрткіл тауының оңтүстік-шығысында 28 км жерде, Тақөткел қонысының шығысын ала орналасқан аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылының шығысында 75 км жерде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 137 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Тақыр типтес сортаңды топырақ жамылғысында бұйырғын, эфемерлі сұр жусан, баялыш, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы таулары