Кендірлік – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданыны жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 5330 км2.
Бастауы Тарбағатайдың шығысындағы Сауыр тауының солтүстік беткейінен бастау алып, Зайсан көліне (Бұқтырма) құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысында арнасы тар шатқалды болып келсе, Кендірлік ауылынан төмен арнасы кеңейіп, жайылмасы ұлғаяды. Сағасындағы көп жылдық орташа су ағымы 9,8 м3/с шамасында. Негізінен қар, жаңбыр суларымен толығады. Өзен суы егін (12 мың га) суғаруға пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Зайсан ауданы өзендері Санат:Зайсан су алабы